Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Мазмұнды шара

Дата: 09.08.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
192
0
Мазмұнды шара
Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі «Чайка» жазғы сауықтыру лагерінде Балалар жылына және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Балалар АРТ-та» – облыстық әлеуметтік-білім беру акциясын өткізді. Іс-шара бес топқа бөлінген балаларға арналды. Акцияға суретшілер Ә.Қастеев, М.Кенбаев, С.Романов, С.Мәмбеев, А.Черкасский, С.Айтбаев және Ж.Шәрденовке арналған «Қазақ кескіндемесінің негізін салушылар» атты көрме; Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан белгілі қазақстандық суретшілердің картиналарына негізделген пазлды құрастыру; суретші В.В. Быковтың акварель техникасы бойынша шеберлік сабағы; музей қызметкерлері Е.Сәрсенбаевтың коллекциялық көліктерінің көрмесі мен Қ.Б. Бейсованың коктейльге арналған түтіктерден білезік жасау бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Іс-шара өте мазмұнды өтті. Аз уақыт ішінде балалар жаңа әсер алды, ең бастысы уақыттарын қызықты әрі пайдалы өткізді. Сонымен қатар «Шектеусіз музей» атты мәдени-білім беру акциясын өткізді. Музей қызметкерлері қызықты сайыс-ойын бағдарламасын дайындады, сонымен қатар «Тобыл жағалауындағы қала» атты фотоқұжаттық жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Балалар білім өрістерін кеңейтіп, көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлерге бөленді.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!