Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Айгөлекте» қызық бар

Дата: 02.08.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
207
0
«Айгөлекте» қызық бар
Ж а з б а с т а л ы с ы м е н б а л а л а р «Айгөлек» демалу лагерінің ашылуын асыға күтуде. Бұл бір жағынан демалыс болса, бір жағынан туған өлкені тану. Биыл «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық» бағдарламасы негізінде «Айгөлек» демалу лагеріне 20 бала қабылданды. Күнделікті таңғы жаттығудан бастап, театр қойлымдары, бейнелеу мен еңбекке баулу, би билеп, ән айту, спорт тық ойындар ойнатыла ды. Мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары А.Сатаева, тәрбиешілер Б.Ахметова мен М.Мұхышева арнайы жопар бойынша қызықты әрі пайдалы шығармашылық жұмыстар ұ й ы м д а с т ы р ы п , б а л а л а р д ы ң қызығушылыған арттыруда. Алғашқы аптада «Менің елімҚазақстан» тақырыбында еліміздің мемлекет тік рәміз дерін, тарихи ескерткіштерін балаларға танытып, туған жер туралы тақпақ, ән, сурет салу, спорттық ойындардан сайыстар өткізді. Екінші аптада «Жазғы саяхат» тақырыбы бойынша мұражайға саяхат жасап, Ақкөл ауылынан шыққан атақты тұлғалардың өмірі мен қызметі жайында танысып білімдерін толықтырды. Ал «шебер қолдар» қолөнер бұйымдарын жасаудан оқушылар шеберлік сыныбына қатысып, жасаған бұйымдары мен ойыншықтарын көрмеге қойды – Біздің мақсатымыз – жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді өткізуге жағдай жасап, балаларды жан-жақты дамыту. «Айгөлек» демалу лагері балалардың қауіпсіздігі мен шығармашылық дамуына, бойындағы жеке қабілеттерін ашуға, басқа да қатысушылармен ортақ тіл табыс ып, дос тық пен бауырмалдыққа үйретуге, сондай-ақ қуанышты сәттерді сезінуге зор үлес қосып отыр, – дейді тәрбие жөніндегі орынбасары А.Сатаева. Мектеп жанынан құрылған «Жазғы а л аң » с ау ық тыру о рта л ы ғ ы д а 5-8 сынып оқушыларының сүйікті орталығына айналды. Мектеп психологы Н.Искендирова мен әлеуметтік педагог Ә.Құттыбай мектеп оқушыларымен түрлі тренингтер, қызықты іс-шаралар өткізіп балалардың дамуына үлес қосуда. Балалардың бақытты жүзін көріп, қуанышқа бөлеу әр ата-ана мен ұстаздың арманы. Балалар жылында бүлдіршіндерге арналған игі бастамалар көп болғай! 

Мадина ЫХЛАС, А.Қоңқабаев
атындағы жалпы білім беретін мектебінің 4 сынып оқушысы. Жанкелдин ауданы, Ақкөл ауылы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!