Асыл мұра
Дата: 26.07.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
277
0
Домбыра – көненің көзі, бабадан қалған асыл мирас. Ол – құнды қазына, ұлттық рух. Халқымыздың қадір тұтып, төрге ілген киелі аспабының құрметіне Елбасы мұрамызды жаңғыртып, өскелең ұрпақ санасына сіңіру мақсатында Ұлттық домбыра күнін белгіледі. Жыл сайын ұлттық мерекені тойлау аясында Орталық алаңда Ыбырай Алтынсариннің мемориалдық музейі «Даламыздың үнісің сен, домбыра» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде домбыраның құрылысы, тарихы, түрлері жайында толық ақпарат берілді. Сонымен қатар, Қостанай қаласының тұрғындары мен қонақтары музей қорындағы елімізге танымал тұлғалардың домбыраларын тамашалады. Көрмеге ұлттық театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, актер Елубай Өмірзақовтың, Қазақстанның халық жазушысы Мариям Хакімжанованың, жазушы Сәбит Досановтың, Қазақстанның халық әртісі Серәлі Қожамқұловтың, Қазақстанның халық ақыны Әсия Беркенованың, ғалым Темірбай Дарқанбаевтың домбыралары қойылды. Рухани жаңғыру, өткен ді білу бүг інг і ұрпағымыз үшін керек. Мұндай көрмелер қай уақытта да құнды.
Комментарии