Туған елге тағзым
Дата: 12.07.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
0
246
0
Назарбаев Зияткерлік мектебінің 9-11 сынып оқушылары үшін Қостанай қаласы бойынша өлкетану экскурсиясы ұйымдастырылды.
Музей қызметкері ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы сәулеттік құндылық болып табылатын – жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері – бұрынғы көпестердің үйлерімен, оқу орындарымен, әкімшілік ғимараттары және өнеркәсіп орындарымен таныстырды. Сонымен қатар, ба лалар қала тарихымен және даңқты жерлестеріміздің есімдерімен аталатын - көшелермен танысты. Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысының батырлары мен тыл еңбеккерлерін құрметпен еске алды. Сондай-ақ көрнекті ағартушылар Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов ескерткіштері мен академик К.Сағадиевке арналған мемориалдық-мүсіндік кешенді аралады. Сонымен қатар жас зерттеушілер «Солтүстік Қазақстанның даласы мен өзендері» номинация құрамында Бүкіләлемдік мәдени және табиғи мұрасы ЮНЕСКО тізіміне енген Қостанай облысының Науырзым ауданындағы Науырзым қорығына саяхат болды. Науырзым өлкесімен танысу мұражайдан басталды. «Туған елге тағзым» жобасының аясында Зияткер оқушылар берген мүмкіншілікті барыншы қолдана білді. Экскурсияны басынан аяғына дейін Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы директорының орынбасары, ғылыми қызметкер, «Экология саласының үздігі» Зейнелова Мария Александровна жүргізіп, құнды ақпараттармен таныстырды. Содан соң оқушылар еліміздің солтүстігінің қайталанбас табиғатының ғажап үлгісі, жер жаннаты болып саналатын қорықтың өзіне де серуенге шықты. Оқушылар қорықтың флора-фаунасымен, географиялық ерекшеліктерімен та нысып, қағаз бетіне түсіріп отырды.

Комментарии