Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Дәуірдің жарық жұлдызы»

Дата: 05.07.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
280
0
«Дәуірдің жарық жұлдызы»
ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетіндегі көшбасшылардың бірі болған Ахмет Байтұрсынұлы - өмірі аңызға, шығармашылығы үлкен маңызға ие болған көрнекті тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспеншілікпен, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Биыл талантты ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған орай Рудный қаласының тілдерді оқыту орталығындаөзге ұлт тыңдаушылар арасында «Дәуірдің жарық жұлдызы» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты – мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт арасында дарынды жастарды анықтау және қолдау, Қазақстандық патриотизмді нығайту, тілдік мәдениетті тәрбиелеу. Байқаудың шарттары бойынша әр қатысушы өзін-өзі таныстыруы, ақынның төл шығармасынмәнерлеп оқуы, Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі, шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап беруі керек. Алдымен тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тілді үйреніп жатқан тыңдаушылар арасында іріктеу жүргізілді. Сыннан сүрінбей өткендері «Дәуірдің жарық жұлдызына» жолдама алды. Өз кезегінде қорытынды сын қатысушылары өнерлерін ортаға салды. Айталық, таныстыру кезеңінде бірі презентация арқылы өзін таныстырса, енді бірі бейнематериал ұсынды. Екінші айналым – мәнерлеп оқу кезеңі. Бұл сын минуттарда қатысушылар қарап қалмады. Дара тұлға Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, мысалдарынан жыр жолдарын мәнерлеп оқу арқылы ұсынды. Әрине, бұл кезеңде қатысушылардың дыбыстық ерекшеліктерді жеткізуі, сөз мәнін түсініп, оны ұғынып, айта алуы т.б. сараланды. Сұрақ-жауап айналымында өмірі мен еңбек жолына қатысты қойылған сауалдарға барлық қатысушылар бір кісідей жауап беріп жатты. Бұл ақын тұлғаның тұғыры биік екендігінің көрсеткіші, айқын белгісі екендігін танытты. Іс-шара қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Жұмакүл ЖАНҒОЖИНА,
тілдерді оқыту орталығының әдіскері 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!