Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітапханаға саяхат

Дата: 05.07.2022 Рубрика: Рухани жаңғыру
184
0
Кітапханаға саяхат
«Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттық салтдәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс екені айтылған. Амантоғай ауылдық кітапханамызда балалардың жазғы демалысына орай оларға көтеріңкі көңіл-к үй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің жанындағы жазғы демалыс лагерінің демалушыларына кітапханаға экскурсия ұйымдастырылды. «Біз кітапханаға барамыз» атты шара барысында балалар кітапхана тарихымен, онда қандай кітаптар мен мерзімді басылымдардың сақталатындығы ту ралы және кітапхананы пайдалану ережелерімен - танысты. Сонымен қатар кітапханашы «Адамның досы - кітап, өмір кілті», «Бір ел - бір кітап акци ясы» аясындағы Ахмет Байтұрсынұлының 150 - жылдығына орай «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмелерге шолу жасалды. Балаларға кітапханашы «Алаяқ түлкінің көмегі» және «Кішкентай маймыл» атты ертегі кітаптарын оқып, «Ертегілер елінде» атты сериялармен шығатын ең қызықты деп танылған ертегілер , танымдық әдебиеттер, сонымен қатар балалардың сансыз сұрағына жауап беретін көркем суретті энциклопедиялар ұсынылды. С о нымен қ атар к ітап көрмеге қо йыл ғ ан «Балдырған», «Балбұлақ», «Мөлдір бұлақ», «Айгөлек», «Айтшы әжетай», «Ұлан», «Балаларға базарлық» т.б мерзімді басылымдармен таныстыр ды. Өткізілген шара оларды қатты қызықтырып, - үлкен әсер қалдырып, көптеген балалар қызықты кітап әлеміне қайта келіп тұруға ниеттерін білдірді.

Айнұр ҚОЙЖІГІТОВА,
Амантоғай ауылдық кітапханашысы 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!