Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Суреттер сыр шертеді

Дата: 26.05.2020 Рубрика: Рухани жаңғыру
681
0
Суреттер сыр шертеді
Еліміздегі әрбір мерекенің тәрбиелік әрі мәдени маңызы көп. Мамыр айында Отан қорғаушылар мерекесі өтіп кетті. Біздің отандастарымыз үшін бұл мереке батырлық пен табандылық, отансүйгіштік пен Отанға шексіз қызмет етудің нышаны. Келешек ұрпағымызға дейін Отан қорғаушылардың қаһарман ерліктерін ұмытылмайды. Қай дәуірде болмасын, Отан қорғау әр Қазақстан азаматының қасиетті борышы болып келетіні белгілі. Қазақстан әскерлері қатарында қызмет өткеріп жүрген барлық азаматтарды, Ұлы Отан соғысы ардагерлерін, жауынгеринтернационалисттерді, кез келген уақытта Отан қорғауға даяр азаматтарымызды осы мерекемен шын жүректен құттықтағымыз келеді. Осы мерекеге қаладағы №28 мектепгимназиясының 3 «а» сынып оқушылары өз білгенідерімен бөлісіп, бар ойларын ортаға салды. Олардың не ойлайтыны өте маңызды. Баланың ойын ашық айтып, әр жағдайда да пікір білдіре білгені жақсы. Балалар бұл мерекеге де қызықты ойлар айта отырып, осы ойларын қағаз бетіне түсіру үшін мереке тақырыбында суреттер салды. Барлық бала қатысты. Суреттер де сан қилы. Олардан біз бала қиялының шегі жоқ екенін көре білдік. Сондықтан да барлық оқушының еңбегін бағалап, марапаттадық. Бұл суреттегі - Жасұлан Рамазанұлы. Оның суреттері де өте жақсы орындалған. Үйде отырып, бар бала Отан қорғаушылар күнін осылайша түсініп, мерекені сезіндік. Бұл бала ойының ұшқыр болуына әсері мол.

Күлтай ШАЛТЕНОВА №28 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалім

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!