Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әжелер айтқан ертегі

Дата: 10.08.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
1627
0
Әжелер айтқан ертегі
Ұлттық сана, ұлттық тәрбие бесік жыры мен ертегі айту секілді кішкентай нәрседен басталады. Ал, ұлттық тәрбиенің өзегі әжелер мектебінен бастау алады. “Үй маңында төбе болса, ерттеулі тұрған атпен тең, ауылыңда қария болса, жазулы тұрған хатпен тең” – деген екен халқымыз. Тұла бойымызға даналық, мейірімділік қасиеттерін сіңірген асыл жандарымыз – ата-әжелеріміздің аялы алақаны, сезімге толы сөздері әлемдегі баға жетпес қасиетті сөздер. Еркелетіп әлпештейтін, ақылкең ес беретін, жабық қанда жұбатып, қуанышыңмен бөлісетін асыл жандардың тұңғиықтан да терең оттай жалындаған мейірім махаббатына дүниенің еш теңеуі жоқ. Әр бала ата-әже мейірімін көріп, олардың тәрбиесін алса жаман болмасы сөзсіз. Ата-әжелер балаларға «Рухани жаңғырудың» әр саласын жіті түсіндіріп отырса қандай тамаша болар еді. Әжелер айтқан ертегінің өзі қандай. Осындай рухани құндылықтарды бала бойына сіңіру мақсатында біздің өңір мектептерінде түрлі шаралар үнемі өтіп тұрады. 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!