Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Берері көп бағдарлама

Дата: 15.06.2021 Рубрика: Рухани жаңғыру
343
0
Берері көп бағдарлама
Мен былтырғы тамыз айынан бастап Қостанай қаласындағы «Прима» балет үйірмесіне қатысамын. Ол жерден көптеген достар таптым. Топтағы қыздармен жақын араласып кеттім. Олар қаладағы әртүрлі мектептерде оқыса да біз бір үйдің балалары сияқты татумыз. Бір жылдың ішінде екі рет аттестаттаудан өттік. Әртүрлі қойылымдар қоямыз. Балет дегеніміз – талғампаз, тәкаппар, сұлу өнер түрі. Тұла бойдың саулығын, мүсіннің мінсіздігін, иілгіштігін қалыптастырады. Үйірмедегі жетекшім менің қарымқабілетімнің жан-жақты ашылуына көмектеседі. Би өнерінің қыр-сырын үйретіп, ақыл-кеңесін береді. Мен өскенде биші болғым келеді. Шара Жиенқұлова, Шұғыла Сапарғалиқызы сияқты кәсіби биші болу арманым. Үлкен сахналарда өнер көрсетіп, ата-анамның, жетекшімнің үмітін ақтасам деймін.

Айғаным ХАСЕНХАН
Қостанай қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!