«Кітап – асыл қазына»
Осындай атаумен кезекті облыстық оқулар жобасы өтті. Бұл жоба жасөспірімдер арасында оқуды насихаттау мақсатында ауылдық жерлерде тұратын жалпы білім беретін мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында өткізіледі.
Бұл жолы Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» және Жюль Верннің «Он бес жасар капитан» шығармалары таңдалды. Конкурсқа 656 оқушы қатысты, олардың 328-і Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» повесін оқыды, ал 387-сі Жюль Верннің «Он бес жасар капитан» романына қызығушылық танытқан.
201 оқушы кітапты аса қызығушылықпен оқыған. Жобаның дәл сонша қатысушысы ұсынылған шығармаларды жан-жақты түсінікпен оқи білген. Оқырмандарды анықтауға мүмкіндік берген тестілеу қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды.
Комментарии