Дәстүрімізді білеміз бе?
Дәстүр мен мәдениет ұлттың генетикалық коды. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ұлттық салт-дәстүрлеріміз бен мәдениетімізді жаңғыртудың негізгі бағдарлары көрсетілген.
Ұлттық бірегейлікті сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған салт-дәстүрдің маңызы жоғары. Рухани жаңғырудың негізгі өзегі де осы ұлттық кодтың мәңгілік бойымызда сақталуы.
Қазақ салт-дәстүр, әдет ғұрыпқа бай халық. Және әрбір ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні мен маңызы жоғары.Ұлтымыздың салт-дәстүрлері ұрпақты өнеге мен білімге, ізгілікке шақыруымен құнды. Дәстүр халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған құндылығы, әлеуметтік-мәдени мұрасы. Асар жасау. Үй салу, қой қырқу, тай таңбалау, киіз басу, егін ору, шөп шабу тәрізді қауырт жұмыстарды көптің күш-қайратымен, көмегімен тез атқару үшін ру басының, үй иесінің ауылдастарын, туған-туыстарын шақырып, бірлесе қимылдауын асар жасау деп атайды. Оның екінші атауы – үме, серне. Үй иесі жәрдемдесуге келгендерге тамақ дайындап, сый-құрметін көрсетеді. Асарға келгендер атқарған жұмысына, көмегіне ақы алмайды.
Комментарии