Адамнан ауыл көшпейді...
Ауыл десе, есімізге аңқыған шалғын шөптердің иісі, көбігі аспанға атқан шұбаттың, емдік шипаға толы қымыздың дәмі еріксіз ойға келеді. Әркім өзінің туып-өскен жерін жақсы көреді. Бұл орынды да. Өйткені туған жер — алтын бесігің. Менің туып-өскен жерім – Жанкелдин ауданыныдағы Ақкөл ауылы. Ауылдың табиғаты мен тыныс-тіршілігі көз алдымда өтіп жатыр. Қара шаңырақта қаз-қаз басып, былдырлап сөйлеп жүрген балғын балалары, қаланың табиғи көгілдір отыны емес, ошақта піскен бауырсағы, су қосқан сылдыр айраны емес, таза табиғи өнімі, салқын самалы, тезектің иісі, самауырдың түтіні, бәрі өз үйлесімін тапқандай.
Шіркін, осындай саф ауаға, әжемнің жүн шудасындай желпілдеген ақша бұлтқа не жетсін! Жаз шықса болды, қыстың қамын ойлап, күнделікті сиырдың жапасынан тезек үйінді қаптап жататын бір адам. Сол тезектің қуысына ұя салып, мекен ететін құстар да жетерлік. Құстың үнін естіп атырған таңдарға не жетеді десеңізші?
Иә, қазақ баласының түп-тамыры – ауылда. Елбасы да Рухани жаңғыру бағдарламасында өткенімізді сақтай отырып, болашаққа жаңашылдықпен аяқ басуымыз керек дегенімен мен толықтай келісімен. Ауылда қаншама тарих, бабалар өскен жер жатыр.
Сабина ҚҰРМАНҒАЛИ,
А.Қоңқабаев атындағы орта мектептің оқушысы.
Жанкелдин ауданы,
Ақкөл ауылы.
Комментарии