«Студенттік Арбат»
Дата: 17.06.2025 Рубрика: Год рабочих профессий
0
118
0

Жұмысшы мамандықтары жылы және техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту аясында Қостанай облысының мектеп түлектеріне арналған «Студенттік Арбат» кәсіптік бағдарлау көрмесі өтті.
Іс-шараның мақсаты – түлектерге болашақ мамандықтарын саналы таңдауға көмек көрсету, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерімен таныстыру, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және ғылымға ден қою.
Көрмеге өңірдің 16 колледжі мен 6 жоғары оқу орны, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің консультанттары мен өкілдері қатысты.
Білім беру ұйымдары 600-ден астам мектеп түлегіне арнап ашық форматта кәсіптік бағдар беру көрмесін ұйымдастырды. Арнайы жабдықталған стендтерде оқушылар әртүрлі мамандықтар бойынша кәсіби сынамалардан өтіп, өздерін агроном, аспазшы, құрылысшы, дәнекерлеуші, есепші, ветеринар, шаштараз және өзге де кәсіп иелерінің рөлінде байқап көруге мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері концерттік бағдарлама ұсынып, өз оқу орындарының ерекшеліктері мен жетістіктерін таныстырды. Сонымен қатар, кәсіптік бағдар беруші мамандар түлектермен жеке кеңес өткізіп, білім беру гранттары, дуальды оқыту жүйесі, өндірістік тәжірибе және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
«Студенттік Арбат» көрмесі – жастардың өз болашағын дұрыс жоспарлауға, жұмысшы мамандықтарының маңызын түсінуге және техникалық-кәсіптік білімнің беделін арттыруға бағытталған маңызды бастама болып отыр.
Комментарии


