Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Балдәуренде» демалып қайтты

Дата: 04.08.2026 Рубрика: Рубрики
1
0
«Балдәуренде» демалып қайтты
 «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «QH Жаздық жолдама – 2026» қайырымдылық жобасы аясында Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы Әбдір Нұрасыл Арсыланбекұлы Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып қайтты.
Жоба оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырып қана қоймай, олардың денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға, көшбасшылық қасиеттерін шыңдауға бағытталған.
Демалыс барысында Нұрасыл түрлі спорттық жарыстарға, мәдени-­танымдық кездесулерге, шығармашылық байқаулар мен командалық ойындарға белсенді қатысты. Күн сайынғы дене шынықтыру жаттығулары, таза ауадағы серуендер мен спорттық ойындар оқушылардың денсаулығын нығайтып, белсенді өмір салтын ұстанудың маңызын сезінуге мүмкіндік берді.
Сонымен қатар, орталықта ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шаралар мен танымдық бағдарламалар балалардың ой-өрісін кеңейтіп, жаңа білім мен пайдалы дағдыларды меңгеруіне ықпал етті. Әр өңірден келген құрдастарымен танысып, достық қарым-­қатынас орнатқан Нұрасыл ұмытылмас әсерге бөленіп, туған жеріне көтеріңкі көңіл күймен оралды.
Мұндай әлеуметтік жобалар өскелең ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізуіне, денсаулығын нығайтуына және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға үлкен мүмкіндік береді. Жазғы демалыстың осындай мазмұнды өтуі балалардың жаңа оқу жылына сергек әрі тың күшпен оралуына оң әсер етеді.
Салауатты өмір салтын насихаттау – дені сау, білімді әрі жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеудің маңызды бағыты. Осы тұрғыдан алғанда, «QH Жаздық жолдама – 2026» жобасы балалардың денсаулығын сақтауға, олардың бойында белсенді өмір салтының құндылықтарын қалыптастыруға және жарқын болашаққа сеніммен қадам басуына зор үлес қосып келеді.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!