Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Солнечныйда» жаз қызығы басталды

Дата: 23.06.2026 Рубрика: Рубрики
5
0
«Солнечныйда» жаз қызығы басталды
Жаз мезгілі басталысымен Денисов ауданындағы «Солнечный» балалар сауықтыру лагері де алғашқы демалушыларын қарсы алды. 9 маусым күні лагерьде бірінші ауысымның салтанатты ашылуы өтіп, балалар үшін көптен күткен жазғы демалыс маусымы басталды.
Мерекелік күннің ең қуанышты жаңалығы – жаңа балалар ойын алаңының ашылуы болды. Түрлі әткеншектермен, сырғанақтармен және ойын құрылғыларымен жабдықталған заманауи алаң бүлдіршіндердің сүйікті орнына айналмақ. Лента қиылып, жаңа нысанның есігі ашылған сәтте балалардың қуанышында шек болмады. Салтанатты шараға қатысқан Денисов ауданының әкімі Руслан Катпаев балаларды жазғы демалыстың басталуымен құттықтап, қызықты оқиғаларға толы көңілді күндер тіледі.
Мерекелік бағдарлама барысында лагерь тәрбиеленушілері мен өнерпаздар ән айтып, би биледі. Әсем әуен мен жарқын қойылымдар көрермендердің көңілін көтеріп, нағыз мерекелік атмосфера сыйлады.
– Маған лагерь өте ұнайды. Мұнда күн сайын түрлі ойындар, жарыстар мен қызықты іс-шаралар өтеді. Ең бастысы – жаңа достар табуға мүмкіндік көп, – дейді лагерь тәрбиеленушісі Катя Руднева.
– Мен лагерьге алғаш рет келдім. Жаңа ойын алаңы қатты ұнады. Осында көп достар тауып, түрлі спорттық жарыстарға қатысқым келеді, – дейді демалушылардың бірі Әлихан.
Биыл «Солнечный» лагерінде мыңға жуық бала демалады деп жоспарлануда. Жазғы маусым бес ауысым бойынша ұйымдастырылады. Балалар бұл жерде демалып қана қоймай, шығармашылық және спорттық үйірмелерге қатысып, жаңа қабілеттерін дамыта алады.
Лагерь директоры Дулат Сисембаевтың айтуынша, әр баланың қауіпсіз әрі қызықты демалуына барлық жағдай жасалған.
– Біз балалардың жазғы демалысын ұмытылмас етіп өткізуге тырысамыз. Олардың шат күлкісі мен көтеріңкі көңіл күйі – біздің ең үлкен жетістігіміз, – дейді лагерь басшысы.
Осылайша «Солнечный» лагеріндегі алғашқы ауысымның ашылуы жазғы маусымның жарқын бастамасына айналды. Ал балалар үшін алда қызықты кездесулер, жаңа достықтар мен есте қаларлық оқиғаларға толы күндер күтіп тұр.

 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!