Асығын иірген бүлдіршіндер
Дата: 10.03.2026 Рубрика: Рубрики
0
3
0

Қаламыздағы №13 бөбекжайда «Алтын сақа – 2026» қалалық жарысы ұйымдастырылды. Дәстүрлі сайысқа қаланың барлық мектепке дейінгі ұйымдарының тәрбиеленушілері қатысып, ұлттық ойын – асық атудан бақ сынады.
Бес күнге созылған жарыс тартысты өтті. Кішкентай спортшылар мергендік пен ептіліктің, шапшаңдық пен дәлдіктің үлгісін көрсетті. Әр күн өзара тартысқа толы болып, қатысушылар сақаларын шиырып, нысананы дәл көздеуге бар күш-жігерін салды.
Ұлттық спорт түрін дәріптеген бүлдіршіндер тек ойын көрсетіп қана қоймай, ата-бабадан жеткен асыл мұраны құрметтеудің үлгісін танытты. Төрешілер алқасы әр қатысушының техникасына, дәлдігіне және ойын мәдениетіне ерекше мән беріп, әділ бағасын берді. Көрермендер – ата-аналар мен тәрбиешілер жас спортшыларға қолдау білдіріп, ыстық ықыластарын аямады.
«Алтын сақа – 2026» жарысы балалардың дене шынықтыруға деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық ойындарға сүйіспеншілігін қалыптастыруға, достық пен ұйымшылдықты нығайтуға зор ықпал етті. Осындай игі бастамалар арқылы өскелең ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарға құрмет пен салауатты өмір салтына деген ынта арта түсетіні сөзсіз.
Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мадақтама қағаздарымен марапатталып, жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен қуантылды.
Қостанай қаласы

Комментарии