Кітаптан басталған саяхат
Дата: 14.07.2026 Рубрика: Почитай-ка
0
3
0

Дәмді ауылдық кітапханасында Астана күніне орай «Астананың көрнекті орындары» атты сурет галереясы ұйымдастырылды.
Танымдық әрі шығармашылық бағыттағы іс-шараның басты мақсаты – жас оқырмандарды еліміздің бас қаласының тарихымен, сәулетті ғимараттарымен және көрікті орындарымен таныстыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімдерін қалыптастыру болды.
Іс-шара кітап көрмесінен бастау алды. Кітапхана қызметкерлері оқырмандарға Астана қаласының қалыптасу тарихы, елорданың сәулет өнері, тарихи-мәдени орындары туралы сыр шертетін кітаптар мен энциклопедиялық басылымдарды таныстырды. Балалар еліміздің бас қаласының өткені мен бүгіні, оның қысқа уақыт ішінде әлемге танылған заманауи мегаполиске айналу жолы туралы қызықты мәліметтермен танысты.
Кітап көрмесіндегі басылымдарды тамашалағаннан кейін қатысушылар шығармашылық жұмысқа кірісті. Олар өз қиялдары мен алған әсерлерін қағаз бетіне түсіріп, Астананың көрнекті орындарын бейнеледі. Балалардың суреттерінде «Бәйтерек» монументі, «Ақорда» резиденциясы, «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, «Нұр Әлем» павильоны, Бейбітшілік және келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы секілді елорданың сәні мен символына айналған сәулетті нысандар көрініс тапты.
Әрбір жас суретші өз туындысын таныстырып, салған суретінің мазмұнын баяндады. Кейбір оқырмандар өздерінің Астанаға жасаған саяхаттарынан алған әсерлерімен бөліссе, енді бірі кітаптардан оқыған қызықты деректерді ортаға салды. Балалардың әңгімелерінен елорданың сәулеті мен мәдениеті туралы білімдерінің кеңейгені анық байқалды.
Шара барысында кітаптың адам танымын кеңейтудегі маңызы ерекше екені де айтылды. Кітапхана – білім мен тәрбиенің ордасы болса, кітап – туған елдің тарихын, мәдениетін және құндылықтарын танытатын сенімді жолсерік. Осындай танымдық кездесулер арқылы балалар кітап оқуға қызығушылық танытып, жаңа мәліметтер алып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де шыңдай түсті.
Іс-шара соңында қатысушылардың салған суреттерінен арнайы көрме ұйымдастырылып, олардың еңбектері көпшілік назарына ұсынылды. Сурет галереясы жас оқырмандардың ізденісін арттырып, елордамыздың әсем келбетін тереңірек танып-білуіне, Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтуына және кітапқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Комментарии