Әдебиет – рухани кемелдіктің алтын кілті
Дата: 16.09.2025 Рубрика: Почитай-ка
0
70
0

Облыстық кітапхана назарларыңызға өлкеміздің сөз өнерін өркендеткен біртуар ақын-жазушыларының шығармаларын ұсынады. Ұлттық әдебиетіміздің жауһарлары – жас ұрпаққа тағылым, үлкендерге ойсалар асыл мұра.
«Әке мен бала» – Ыбырай Алтынсарин әңгімелері. Ұлт ұстазының бұл туындылары әлі күнге дейін өзектілігін жойған жоқ. Кітап барлық жастағы оқырманға арналғанымен, әсіресе балалар үшін пайдалы. Қызықты сюжеттер арқылы өмірдің мәнін ұғындырып, тәрбиелік тағылым береді. Әңгімелердің тілі жеңіл, көлемі шағын болғандықтан, жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын оятады.
«Оқуға шақыру» – Ахмет Байтұрсынұлы. Алаш ардақтысының бұл поэтикалық шығармасы оқу-білімнің, ғылым мен өнердің маңызын айқын көрсетеді. Автор білімсіз елдің болашағы бұлыңғыр болатынын ескертіп, жастарды ғылымға, ізденіске шақырады. Бұл туынды – әрбір жасөспірімнің рухани серігіне айналар құнды еңбек.
«Күлпаш» – Бейімбет Майлин. Қазақ прозасындағы шоқтығы биік әңгімелердің бірі. Шығармада әлеуметтік және гендерлік теңсіздіктің көрінісі, қиын тағдыр иесінің күресі бейнеленеді. Бейімбет Майлиннің шынайы тіл өрнегі арқылы оқырман әйелдің тұрмыс тауқыметімен күресін, төзімі мен тағдырын терең сезіне алады.
Бұл туындылар – ұлтымыздың әдеби қазынасы, рухани дүниемізді байытатын асыл мұралар. Жоғарыда аталған барлық шығармаларды кітапхананың өлкетану әдебиеттері бөлімінен таба аласыздар. Балалар, кітапханаға барып, кітап оқыңыздар, ойтүйіңіздер! Әдебиет – рухани кемелдіктің алтын кілті.

Комментарии