Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Білімнің көкжиегі

Дата: 22.10.2024 Рубрика: Почитай-ка
323
0
Білімнің көкжиегі
Облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауының жеңімпазы Бірмағамбетова Дария Сабырбекқызы. Ол Қостанай облысы білім басқармасынан «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына берілген жолдама иегері.
Наурызым ауданы, Шилі ауылы Шилі жалпы білім беретін мектебінің 9 «А» оқушысы. Дария бала күнінен кітаптың әсерлі әлеміне қызығып, кітапханаға жиі баратын. Мектепте де белсенді оқушылардың бірі. Мектепшілік, аудандық бауқауларға да үнемі қатысып, биік шыңнан көрініп келеді. Спортты да жанына серік етеді. Облыстық «#ОқыЖәнеЖең» байқауынан жүлделі болған Дария, кітап оқу арқылы көп жетістіктерге жетуге болатынына тағы бір мәрте көз жеткізді. 
Дарияның ойынша «Кітаппен дос болсаң, өмірдің биік шыңдарын, жарқын белестерін еркін бағындыруға болады». Себебі, кітап – үлкен жетістіктерге жетелейтін ең мейірімді ұстаз!
Бұйыртса, Дария 1-облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауынан жеңіп алған жолдамасымен, «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына демалысқа барады. Дарияға жаңа достар, тың эмоция, қызықты кездесулер, естен кетпес керемет демалыс тілейміз! 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!