«100 кітап» жобасы
Дата: 22.10.2024 Рубрика: Почитай-ка
0
627
0
Қазіргі таңда білім алып жатқан оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, үйрету, сол туындылардан рухани азық беру өзекті болып табылады.
Осы тұста оқушылардың бойында кітапқа деген қызығушылықты дамыту, әдеби талғамын қалыптастыруға бағытталған «Зияткерлік мектеп оқушысына оқуға ұсынылатын 100 кітап» жобасын атап өту қажет. Бірнеше жылдан бері нәтижелі жүзеге асырылып келе жатқан жоба оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, рухани және интеллектуалдық дамыту, оқушының бойында кітапты ұқыпты әрі бар ынтасымен оқу дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Оқушыларға қазақ әдебиеті мен әлем классикасының алтын қорындағы құнды шығармаларды оқытып, сол туындылардың рухани маңыздылығын түсіндіру қажет. Осыған орай Қостанайдағы НЗМ оқушыларын жаңа оқу жылының алдағы жоспарларымен және де жаңадан келген оқушыларға «100 кітап» жобасының мақсаты таныстырылды.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «WikiBilim» қоғамдық қорымен бірлесіп, 100 кітап тізімін жасайды. Аталған тізімге кіретін 100 кітаптың аудиохрестоматиясы, электронды кітап ретіндегі нұсқасын «WikiBilim» қоғамдық қоры дайындайды.
Тегін көздерден алынған фотосуреттер
Комментарии