Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітап оқу тренд

Дата: 22.10.2024 Рубрика: Почитай-ка
723
0
Кітап оқу тренд
Былтыр біздің облысымызда көпшіліктің көркем әдебиет оқуға деген ынтасын, кітапқа құштарлығын арттыратын «#ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауы өтті. Бұл біз үшін тың бастама еді. Игі бастаманы облыс әкімдігі қолдап, облыстық кітапхана қолға алып, төрт кезең бойынша барша кітап оқитын зерделі қауымға арналды. Облысымыздың имиджін көтеретін рухани, ауқымды байқау бірден көпшілікті қызықтырды. Байқаудың бір ерекшелігі – эссе жазу. Себебі, адам тек оқып қана қоймай, оқығанын түйіндеп жаза да білуі керек. Түпкі мәні – кітап оқу мәдениетін, балалар қатарластарымен, отбасымен, үй ішімен жарыса отырып, талқыға салып кітап оқу дәстүрін қалыптастыру. Байқауды ойдағыдай атқаруға мәдениет пен білім саласының мамандары көп еңбек сіңіргенін де айтпай кетпеуге болмас. Мәдениет басқармасының кітапхана саласындағы ең ауқымды креативті жобасы биыл да жалғасын тапты.
I облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн байқауының нәтижесі бойынша, 42 жеңімпаз, соның ішінде жүлделі орындарға ие болған оқушылардың ата-аналары Қостанай облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 
«#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауы I жартыжылдықта аяқталған соң жазғы демалыста ұйымдастырушылар «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауына қаншалықты көңіліңіз толады? Байқауды тағы да өткізу керек пе?» деген, осы сипатта түрлі сұрақтарды қамтыған Қостанай облысы тұрғындары арасында онлайн және офлайн форматта сауалнама жүргізді. Өңірде резонанс тудырған жоба сауалнама нәтижесі бойынша Қостанай облысы әкімдігінің қаржыландыруымен биыл екінші жартыжылдықта өтетін болып шешілді.
«II облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауының I кезеңіне дайындық жұмыстары тамыз айында басталып та кетті. Бұл үшін арнайы кітапханашылар мен білім басқармасының атсалысуымен ұстаздар арасынан жұмыс тобы бекітіліп байқаудың ережесіне сай I кезеңде жас санаттары бойынша оқырмандарға оқуға ұсынылатын қазақстандық авторлардың шығармалары талқыланып, таңдалды. Аптасына бір рет өтетін бұл жиындарға жұмыс топтарымен қатар байқаудың қазылар алқасы, облыс бойынша аудандар мен шалғай ауылдардың кітапханашылары, кітапхана оқырмандары, зиялы қауым өкілдері офлайн және онлайн қатысты. Алғашқы бірінші кезең бойынша оқырмандар оқуға ұсынылған шығармаларды мысалға 10-14 жас санаты Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер», 15-18 жас санаты Мұхтар Мағауиннің «Шақан шері», 19 жас және одан жоғары жас санаты Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» шығармаларын қыркүйек айы бойы оқып шығып өткен күні, 7 қазанда гугл-тест тапсырды», – дейді кітапханашы Ботагөз Дүйсембаева.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жолы байқауға қатысушылар саны басымдау. Бұны қатысушыларға жас санаттары бойынша арнайы ашылған телеграм топтар мен google тесттің нәтижесінен байқауға болады. Ұйымдастырушылардың ай бойына телеграм топтарды сүзгіден өткізе отыра байқауынша жазушы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Ауылдан шыққан миллионер» хикаяты оқушылардың көңілінен шығып, сүйікті шығармасына айналып үлгеріпті. Оқырманға оқуға ұсынған 2 облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауы қазылар алқасының айтуынша, «Бұл шығарма балаларды еңбекке баулитын мотивациялық еңбек. Қазақтың бизнес бастауға ниетті жастарына жол көрсететін, «Бай болсам!» деп армандаған балаға рухани тәлім беретін туынды». 15-18 жас санатының қатысушылары оқыған экoлoгияны қoрғaуғa aт caлыcып жaзғaн Мұхтар Мағауиннің ең үздiк шығaрмaлaрының бiрi «Шaқaн-Шерi» рoмaны да оқырман көңілінен шықты. Кітап таңдау жиынына үзбей қатысып жүретін I облыстық «#ОқыЖәнеЖең» онлайн-байқауының жүлдегері А.Бірімжанов атындағы мектептің мұғалімі Әлиасқарова Мейрамкүл Қуанышбекқызы «Жерлесіміз, Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» атты тарихи тақырыпқа жазылған шығармасын ұсынсақ қатысушылардың жүрек түкпірінен орын алып, қайталап оқитын шығармасына айналады» деп аталмыш шығарманы ұсынарда осылайша тұжырымдаған еді. 19 жас және одан жоғары жас санатына ұсынған бұл еңбек те оқырманды қызықтырып, баулып алғаны сөзсіз.
I кезеңнің google тесттің тапсырысымен келесі күні тест нәтижесімен қатар II кезеңде оқитын кітаптардың электронды нұсқалары жарияланды. Жалпы байқаудың ережесі бойынша оқырмандар I кезеңде қазақстандық авторларды оқыса, II кезеңде шетелдегі қандастарымыздың шығармаларын оқиды. Ал III кезеңде әлем әдебиетінен қазақ тіліндегі аудармаларды оқиды.
Оқырманның рухани талап-тілегін қанағаттандырумен қатар кітаптың мәртебесін көтеруге, кітап оқуды брендке айналдыруға септігін тигізетін сан түрлі жобаларды іске асырар бастамашы кітапханашылар мен мәдениет басқармасының басшылығы барда, кітапқа деген сұранысты арттыра түсетін оқитын буынның да қатары толыға бермек. 
Бекасыл Бекзат, 
оқушы
Сүретте Шиілі ауылдық кітапханасының кішкентай оқырмандары.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!