Тілдер мерекесін атап өттік
Дата: 24.09.2024 Рубрика: Почитай-ка
0
160
0
Қостанай қаласының білім беру ұйымдары «Ахмет және Тіл» тақырыбында және Жалпықазақстандық ашық диктант жазу іс-шарасы өтті.
Бұл бастама қазақ тілінің атасы өзінің саналы ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туған күні, тілдер күніне арналып өткен еді. Біздің қаламызда да түрлі іс-шаралар өтіп жатты. Осы суретті мен интернет желісінен көріп, өз ойымды қосқым келді.
Менің отбасым да бұл күннің маңызын жақсы біледі. Әсіресе, анам тіл маманы болған соң ана тіліміздің қадір қасиетін үнемі айтып, үйде тек қазақ тілінде сөйлеңдер деп айтып қойған.
Осы диктантқа да біз отбасымызбен дайындалдық. Анам бізге жазу жаздырып, қарындасым әлі кішкентай болса да оған да әліппе оқытып, жазу жазғызды, оны талдадық. Міне, тілдер күнін біз де қалыспай отбасымызда атап өттік.
Арлан Бақытқали,
10 сынып оқушысы
Комментарии