Қазақ тілі жайынды қызықты деректер
Дата: 03.08.2024 Рубрика: Почитай-ка
0
106
0
1. Қазақ тілі түркі тілдерінің тобына кіреді, ал оның ішінде ноғай және қарақалпақ тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады.
2. Қазақ тілі ғарышта болып қайтқан тұңғыш тіл деуге келеді. Белка мен Стрелка ұшқан «Спутник-5» ғарыш кемесіне тіркелген мағлұматтар пакетінде орыс және қазақ тілдерінде жазылған ескерту бар: «Жолдастар! Мына пакеттi кiм тапса, жақын жердегi жергiлiктi советке табыс етiлciн!».
3. Қазақ тілін ана тілі санайтын адам саны қазіргі таңда – 11 миллион.
4. Тәуелсіз Қазақстанмен қатар, қазақ тілі Ресей Федерациясы құрамындағы Алтай Республикасының мемлекеттік тілдер құрамына енеді.
5. Қазақ тілі ертеде руналық жазумен танылса, кейінірек араб әліпбиіне ауысып, ол 1929 жылға дейін қолданыста болған. 1929-1940 жылдар аралығында – латын графикасы, ал 1940 жылдан бүгінгі күнге дейін кириллица пайдаланылуда.
6. Қазақ тілінің тек өзіне тән 9 әрпі бар: ә, ғ, қ, ң, ө, ұ, ү, h, і.
7. Деректер бойынша, бүгінгі таңда қазақ тілінде 15 миллионнан астам адам сөйлейді. Олардың 88%-ы қазақ ұлты өкілдері болса, қалған 12%-ы – өзге ұлт өкілдері.
8. Қазақ тілі мен француз тілі өзара бір ортақ қағидамен бөліседі: сөз екпіні көбінесе соңғы буынға түседі. Бұл ережеге бағынбайтын дербес жағдайлар: жіктік жалғауы, болымсыз етістік жұрнағы, бұйрық райдың «-шы», «-ші» қосымшалары, шылаулар, көмекші сөздер.
9. Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең байы саналады, һәм оның сөздік қорында 160’000-нан астам сөз есептелген. Жер беті сөйлейтін ағылшын тіліндегі сөз саны – 1 миллион.
10. Қазақ тіліндегі ең ұзақ сөз – 33 әрпі бар «қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі, ал ең қысқа өзіндік мағынаға ие сөз – «у».
Ашық дерек көздерінен алынды.
Комментарии