Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Бай тілдердің бірі – қазақ тілі

Дата: 04.06.2024 Рубрика: Почитай-ка
85
0
Бай тілдердің бірі – қазақ тілі
Ғасырлар бойы дамып жетілген, қолдану аясы кең, бай тілдердің бірі – қазақ тілі. Өйткені қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны ұлан ғайыр көп. Қазақ тілі – ең алдымен, түп төркінін сақтаған, түркі тілдерінің ішіндегі таза тілдердің бірі. Олай дейтін себебіміз, қазақ тілінің негізгі лексикалық қорын көне түркі сөздері құрайды. Мұны түркітанушы басқа елдің ғалымдары да ерекше айтып отыр. Бүгінгі күні, мысалы, түрік тілінде араб тілінен енген көп сөздер бар. Солардың орнын қалай алмастырамыз дегенде, олар қазақ тілін донор тіл ретінде пайдаланғылары келеді. Екіншіден, қазақ тілі – кемел тілдердің бірі. Кемел дейтініміз стильдік тармақтары сараланған, әдеби нормасы қалпына келген, қандай жанр, қандай қоғамдық өмірдің саласы болмасын, қолдануға болатын, қолдану әлеуеті өте жоғары тіл. Одан кейін тағы да «Қандай тіл?» дейтін болсақ, қазақ тілі – өте бай тіл. Бір қызығы, қазақ тілінің байлығы оның лексикалық қорының көптігімен көрінбейді, қазақ тілінің байлығы грамматикалық формалардың көптігімен де көрінеді. Бұл грамматикалық формалар әртүрлі мақсатты, сөйлеушінің дітін, әртүрлі оның эмоциялық реңктерін түгел, толық жеткізе алады.
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!