Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Науырзым қызғалдақтары

Дата: 04.06.2024 Рубрика: Почитай-ка
38
0
Науырзым қызғалдақтары
Науырзым аудандық балалар кітапханасы және Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы бірлесіп «Науырзым қызғалдақтары. Тюльпаны Наурзумья» атты шығармашылық фестивалін өткізді. Жеңімпаздар мадақтамамен және сыйлықтармен марапатталды.
Мақсаты – экологиялық туризмді дамыту және Науырзым аймағының экологиялық проблемаларына назар аударту, өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін жойылып кету қаупі төнген түрлерін сақтау проблемасына халықтың назарын аудару. Фестивальге ауылдық және аудандық мектептер, балалар шығармашылығы үйі, «Балдырған» балабақшасы қатысты. 
«Науырзым қызғалдақтары» фестивалі келесі бағыттар бойынша өтті: суреттер байқауы, плакаттар байқауы, қолөнер байқауы, фотосуреттер байқауы. Жиналған қауым алдында экологиялық ағарту мамандары Шалдыбаева Жанат Аралбайқызы, Тонкерхан Маржанкүл кіріспе сөз сөйледі. Олар өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Шығыста қасиетті маңызы бар қызғалдақтар бүгінде әлемдік қазына болып саналады, өзінің гүлденуімен табиғатқа теңдессіз келбет сыйлайды.
Суреттер байқауында Балдырған балабақшасы келесі жүлделі орындарға ие болды:
І орын – Махметов Елжан, ІІ орын – Рысмағамбет Али, ІІІ орын – Төлеш Әлия.
3-4 сыныптар арасында
І орын – Игнат Никита, ІІ орын – Жұмабаева Еркежан, ІІІ орын – Тургынбекова Аружан (Раздольное).
5-7 сынып арасында.
І орын-Рыспаева Анель, ІІ орын-Ларионова Ксения, ІІІ орын-Золотухина Анжела
8-9 сыныптар арасында
І орын-Төлеген Қарақат, (Қожа) ІІ орын-Кәкімбет Диас (Қожа), ІІІ орын Тутенбаева Айнұр
Плакаттар байқауында жүлделі орындарға ие болды:
І орын – Бақытжан Ілияс.
Қолөнер байқауында жүлделі орындарға ие болды:
І орын-Салімгерейқызы Жансая, ІІ орын-Әбілқайыр Ақнұр, ІІІ орын – Ермұхамбет Асхат (Қожа).
Фото байқауында жүлделі орындарға ие болды:
І орын-Тимошенко Есения.

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!