Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Табиғаттың көркі

Дата: 23.04.2024 Рубрика: Почитай-ка
21
0
Табиғаттың көркі
Көктемнің екінші айының алғашқы күні табиғаттың көркі, біздің досымыз құстарға арналады. Бұл мерекені біздің еліміз 1906 жылдан бері атап өтуде. Осы мерекеге орай Амантоғай ауылдық кітапханасында «Құстар табиғаттың көркі» атты іс-шара өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Балалардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
Іс-шара барысында кітапханашы құстар туралы жазылған Е.Раушановтың «Құстар біздің досымыз», Б.Асановтың «Ең әдемі құс қайсы?» , «Құстар» балаларға арналған танымдық энциклопедияларына шолу жасап, құстар жайлы біраз мағлұмат берді. Іс-шараға қатысқан Амантоғай жалпы білім беретін мектебінің даярлық сыныбының оқушылары «Біл бала» интерактивті дыбысты кітапшасынан әртүрлі құстардың суреттерін көріп, дауыстарын естіп, «Қарлығаш» әнін тыңдады. Сонымен қатар мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтардың шешуін тапты. Бас қосу өте қызықты өтті. 
Айнұр Теміржанқызы,
Амантоғай ауылдық кітапханашысы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!