Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Рухани орда – кітапхана

Дата: 16.04.2024 Рубрика: Почитай-ка
125
0
Рухани орда – кітапхана
Рудный қаласындағы мемлекеттік тілдегі кітапханада дәстүрлі түрде түрлі іс-шаралар өтіп тұрады. Оған білім ошағының оқушылары, студенттер мен ұстаздар келіп, қатысып, тағылым алады. Кітапхана жанынан құрылған «Кездесу» кулбы да бар. Бұл клуб түрлі кездесулер алаңына айналды десе де болады. Ол жерге танымал қонақтар келіп, қалалық деңгейде  кең ауқымды кездесулер өтіп тұрады. 
Бұл әдеби-өлкетану бойынша кітапхана жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. Поэзия  әлеміне көз салсақ қазақ халқының арман, мұраты, шаттығы мен қайғысы ақын  өлеңдеріне арқау болған. Жыл сайын жергілікті ақындарымыз Молдашев Сүндет, Тошанов Парахат, Ақназаров Шүкірбай,Ахметжанов Ғабдолла қажы және тағы да басқа  қаламгерлердің өмірлері мен шығармалары жайлы өскелең ұрпаққа насихаттау мақсатында ақындарымызбен дөңгелек үстел, әдеби сағаттар, кездесу кештері өтеді. 
Халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген ақындарымыз публицист, жазушы, Ыбырайтанушы-ғалым, ұлағатты ұстаз, Серікбай Оспанұлы және жазушы драматург, журналист, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының мүшесі Ақылбек Шаяхметовпен  бірнеше кездесулер өткізілді.
Сонымен қатар «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша «Балалар әдебиетінің бәйтерегі – Бердібек» атты кітап көрмесі де тартымды өтті. Менің Отаным – Қазақстан» атты патриоттық өлеңдер сайысы,  «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты тарихи сағат та өз көрерменін тапты. Кітапханалық-библиографиялық жұмысты таныстыру, «Кітап – рухани қазына» атты кітапханалық сағат, «Өңір мақтанышы – Елубай» кештері де оқырмандарды бейжай қалдырмады. 
Кітап берілу пункті бойынша №5 бөбекжайымен тығыз жұмыс жасайды. Аптаның бір күніне барып, балаларға ертегілер,өлеңдер оқып ойындар ойнатылады. Мұның бәрі де кітапханашылардың зор еңбегі мен ізденісінің жемісі. 
Рудный қаласы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!