Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Кітаптар мекені

Дата: 20.02.2024 Рубрика: Почитай-ка
134
0
 Кітаптар мекені
            Мақаламды «Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы» мақалымен бастағым келіп отыр. Осы мақалда  айтылғандай  7-8 сынып  оқушылары  қаламыздағы ең ірі білім бұлағында болып қайттық.
            Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өте үлкен және қызықты, онда әр түрлі кітаптар бар. Біз барған кітапхана «ертеде ашылды, ал  1936  жылы ол облыстық  кітапхана атағын алды. Бүгінгі күні кітапхана мұрағатында  мерзімді басылымдар, дыбыс жазбалары, картографиялық және электронды басылымдар, ғылыми еңбектер, құжаттар бар. Кітапхана 500-ден астам атаудағы журналдар мен газеттерге жазылады. Бұл кітапханада көптеген мерекелер, іс-шаралар өткізіледі. Дәл сондай мерекенің үстіне түстік. Онда домбыра тартылып, өлең айтылды. Бізге экскурсия жүргізілді, кітапханың 4 қабатын аралап абонемент бөлімі, жаңа кітаптар бөлімі, көзі нашар  көретін адамдарға да арнайы бөлімімен таныстық. Бізге кітапхана өте ұнады.
Аружан Молдатаева,
 8 сынып оқушысы .
Садовый ЖББМ
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!