Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Рудныйлық оқушылар топ жарды

Дата: 01.12.2026 Рубрика: По родному краю
8
0
Рудныйлық оқушылар топ жарды
Рудный қаласындағы Абай атындағы мектептің оқушылары Андрей Мариков, Полина Втюрина және Артем Жулев халықаралық STEM инженерлік-­технологиялық жарысында жеңімпаз атанды. Олар байқаудың халықаралық кезеңінде үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі бірінші орынды иеленді.
Жарыс 2026 жылғы 21-22 қараша күндері Астанадағы Қазақ ұлттық спорт университетінің базасында өтті. Байқаудың халықаралық кезеңіне барлығы 190 команда қатысып, өзара бақ сынады. Олардың қатарында Венгрия, Қытай, Корея, Сауд Арабиясы, Қырғызстан, Үндістан елдерінен және Қазақстанның әр өңірінен келген командалар болды.
Зияткерлік сайысқа 8-11-сынып оқушылары мен колледж студенттері қатысты. Қазақстандық командалар қалалық және республикалық іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтіп, халықаралық додаға жолдама алған. Байқау барысында қатысушылар бағдарламалау, 3D-модельдеу және робототехника бағыттары бойынша тестілік әрі практикалық тапсырмаларды орындады. Сайыскерлер өздерінің техникалық білімін, инженерлік ойлау қабілетін, жаңашылдыққа бейімділігі мен командалық жұмыс дағдыларын ортаға салды.
Осындай ауқымды додада топ жарып, ел намысын абыроймен қорғаған Рудный оқушыларының жетістігі – табанды еңбектің, ізденіс пен білімге деген құштарлықтың жемісі. Жас өрендердің бұл жеңісі мектеп ұжымы мен ұстаздарының еңбегіне де берілген лайықты баға. Сондай-ақ өскелең ұрпақтың заманауи технологиялар мен инженерлік бағыттарға қызығушылығы артып келе жатқанын аңғартады.
Рудный қаласы


 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!