Қоршаған ортаны сақтау керек
Дата: 03.11.2026 Рубрика: По родному краю
0
3
0

Рудный қаласында жеті жылға жуық уақыттан бері экологиялық бастамаларды жүзеге асырып жүрген белсенді, эколог Геннадий Ипатов «Pokolenie KZ» қоғамдық бірлестігі аясында экологиялық акциялар ұйымдастырып, жастардың табиғатқа деген қызығушылығын арттыруға және Қостанай өңірінің климатына бейімделген сәндік өсімдіктерді өсіруге атсалысып келеді.
Біз Геннадий Ипатовпен Рудныйдың жасыл желегі және әр адамның қоршаған ортаны қорғауға қосатын үлесі туралы әңгімелескен едік.
– Геннадий, бұл бағытқа қалай келдіңіз? Бәрі неден басталды?
– Біздің экологиялық қызметіміз бір күнде басталған жоқ. Алғашында адамдарды табиғатты қорғау тақырыбына тартуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған түрлі бастамаларды қолға алдық. Уақыт өте келе бұл жұмыстар жүйелі сипат алып, нақты жобаларға ұласты. Осы кезеңде «Pokolenie KZ» қоғамдық бірлестігі құрылып, ағаш отырғызу акцияларын, экологиялық викториналар мен басқа да қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыра бастадық. Кейбір бастамаларымыз әлі күнге дейін жалғасып келеді.
– «Pokolenie» сәндік өсімдіктер питомнигі жайында айтсаңыз?
– Питомниктің негізгі мақсаты Қостанай өңірінің климаттық жағдайына бейімделген өсімдіктерді зерттеу, өсіру және көбейту. Мұны жай ғана көшет өсіретін орын деп қарастыруға болмайды. Біз үшін бұл тәжірибе жүргізетін, өсімдіктердің жергілікті табиғи жағдайларға қаншалықты төзімді екенін зерттейтін алаң. Қай өсімдік қыстың аязын көтереді, қайсысы жазғы ыстық пен құрғақшылыққа шыдайды, қай түрді қаланы көгалдандыруда қолдануға болады деген сұрақтарға тәжірибе арқылы жауап іздейміз.
– Мұндай идея қалай пайда болды?
– Бұл идея күнделікті экологиялық жұмыстарымыз барысында туындады. Біз ағаш отырғызу акцияларын тұрақты өткізіп жүргендіктен, көшет мәселесімен жиі бетпе-бет келетінбіз. Олардың басым бөлігі басқа өңірлерден әкелінеді. Мысалы, Башқұртстаннан немесе Қазақстанның оңтүстік аймақтарынан жеткізілетін өсімдіктер бар. Бірақ сол жақтың климаты мен Қостанай өңірінің табиғи жағдайлары бірдей емес. Біздің өңірде қыс қатты аязды, көктемде күн сәулесі белсенді, ал жаз ыстық әрі құрғақ болуы мүмкін. Осындай жағдайда басқа климатқа бейімделген өсімдіктердің барлығы бірдей жерсініп кете бермейді. Ағаш отырғызу жұмыстың бір бөлігі ғана. Ең маңыздысы – оның тамыр жайып, бірнеше жылдан кейін де жақсы өсіп тұруы.
– Зерттеу барысында қандай қиындықтарға тап болдыңыздар?
– Ең үлкен қиындықтың бірі жергілікті климат жағдайында қандай сәндік өсімдіктердің жақсы өсетіні туралы жүйеленген ақпараттың аздығы болды. Қай ағаштың қысты жақсы көтеретінін, қай бұтаның ұзақ мерзімде жерсінетінін, қандай өсімдіктердің қалалық ортаға төзімді екенін нақты білу қажет еді. Алайда Қостанай облысының климатында өсіруге болатын сәндік өсімдіктердің түрі әлдеқайда көп. Тек олардың қайсысы жергілікті жағдайға бейімделетінін анықтау керек. Біз дайын жауапты күтпей, тәжірибе жасауға кірістік. 40-тан астам өсімдік түрін әкеліп, олардың қыстан қалай шығатынын, көктемде қалай дамитынын, жазғы ыстық пен құрғақшылыққа қалай төтеп беретінін бақыладық. Осы бақылаулардың негізінде қай түрлерді әрі қарай өсіріп, көбейтуге болатынын зерттеп келеміз.
– Көпжылдық еңбектеріңіздің нәтижесін көріп, ерекше қуанған кездеріңіз болды ма?
– Әрине. Есімде бес жылдан астам уақыт бұрын отырғызылған ағаштардың бірі бар. Ол кезде кішкентай ғана көшет еді. Қазір сол ағаш менің бойымнан да биік болып өсті. Осындай сәттерде еңбегіңнің нәтижесін көзбен көресің. Бір кездері әлсіз ғана көшет болған өсімдіктің тамыр жайып, өсіп, айналасына көрік беріп тұрғаны ерекше қуантады. Қазір сол жер кәдімгідей әдемі гүлзарға айналған.
– Рудный қаласының экологиялық жағдайын жақсарту үшін қандай бағыттарға басымдық беру қажет?
– Бірнеше бағытты қатар дамыту керек деп ойлаймын. Біріншіден, қаланы көгалдандырумен бірге бар жасыл желекті сақтау маңызды. Кейде жаңа ағаш отырғызуға басымдық беріп, бұрыннан өсіп тұрған ағаштарды күтіп-баптауға жеткілікті көңіл бөлінбей жатады. Ал ересек ағаштың экологиялық және эстетикалық маңызы зор. Екіншіден, отырғызылған көшеттердің күтіміне назар аудару қажет. Ағашты отырғызу жеткіліксіз, оның тамыр жаюына, суарылуына және өсуіне жағдай жасалуы керек. Әйтпесе жұмсалған күш пен қаражат күткен нәтиже бермеуі мүмкін. Үшіншіден, тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыру маңызды. Адам қоршаған ортаға өзінің қандай әсері бар екенін түсінсе, күнделікті әрекетіне де жауапкершілікпен қарайды.
Төртіншіден, қалдықтарды басқару мәдениетін дамыту қажет. Бұл тек коммуналдық қызметтердің немесе жергілікті атқарушы органдардың міндеті емес. Әр тұрғынның тазалық сақтауы, қоқысты дұрыс тастауы және қоршаған ортаға ұқыпты қарауы маңызды.
– Әңгімеңізге рахмет, істеріәңізге сәттілік тілеймін.

Комментарии