Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әженің қолөнері – ұлттың асыл мұрасы

Дата: 16.06.2026 Рубрика: По родному краю
5
0
Әженің қолөнері – ұлттың асыл мұрасы
Меңдіқара ауданындағы Қаратал ауылы – қазақы дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын сақтап отырған берекелі мекендердің бірі.
Бұл ауылда аудан бойынша қазақ тілінде білім беретін екі мектептің бірі – Оразалы Қозыбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп орналасқан. Қара шаңырақ бүгінде де ұлттық тәрбиенің алтын ордасы болып отыр.
Біз барған күні мектеп ұжымы ерекше шараға дайындалып жатқан екен. Мұнда ардақты ұстаз, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Берік Марденұлын еске алуға арналған «Ұлттық қолөнер – заманауи бірегейліктің негізі» атты аудандық қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге аудан мектептерінің оқушылары мен ұстаздары өздерінің қолөнер бұйымдарын алып келген. Кестеленген көрпелер, оюланған ағаш бұйымдары, ұлттық нақыштағы әшекейлер, тоқылған бұйымдар мен тұрмыстық заттар көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Алайда көрменің басты ерекшелігі – қазақтың атадан балаға, әжеден немереге жалғасып келе жатқан қолөнер дәстүрін дәріптеуі болды. Көптеген жұмыстарды балалар өз әжелерінен үйреніп жасаған. Өйткені қазақ отбасында қыз балаға кесте тігу, ою ою, құрақ құрау, жүн түту сияқты өнер түрлерін көбіне әжелер үйреткен.
Халқымыз «Өнерлінің қолы алтын» деп бекер айтпаған. Әжелеріміз жасаған әр бұйымда ұлттық нақыш, терең мағына мен үлкен еңбек жатыр. Мысалы, қазақтың ою-өрнектері тек сәндік үшін емес, белгілі бір ұғымды білдіреді. Ал құрақ көрпелер үнемшілдікке, ұқыптылыққа тәрбиелейді. Көрме аясында Архипов мектебінің көркем еңбек пәнінің мұғалімі оқушыларға арнап «Тұмарша жасау» бойынша шеберлік сабағын өткізді. Балалар ұлттық бұйымның жасалу жолымен танысып, өз қолдарымен тұмарша жасап көрді. Бұл олардың халқымыздың мәдени мұрасына деген қызығушылығын арттырды.
Осындай шаралар арқылы балалар халқымыздың салт-дәстүрімен, қолөнерімен жақынырақ танысады. Ұлттық мұраны білу – өткенді құрметтеу ғана емес, болашақты қалыптастырудың да маңызды қадамы. Әжелерден қалған асыл өнер ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, ұлттық рухты сақтауға қызмет ете береді. Өйткені қолөнер – жай ғана бұйым жасау емес, ол – халқымыздың тарихы, тәрбиесі және өмір салты. Ал сол мұраны көздің қарашығындай сақтап, кейінгі буынға жеткізу – әрқайсымыздың міндетіміз.

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!