Құндылықтар мен тәжірибе үндестігі
Дата: 19.05.2026 Рубрика: По родному краю
0
6
0

Аманкелді ауданына қарасты Қарынсалды негізгі орта мектебі базасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында аудандық семинар ұйымдастырылды.
Тағылымы мол іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, тәрбие жұмысындағы озық тәжірибелермен бөлісу болды.
Іс-шара салтанатты түрде ашылып, қатысушыларға семинар бағдарламасы таныстырылды. Бағдарлама аясында психологиялық тренингтер, ашық тәрбие сағаттары, шеберлік сабақтары және спорттық жарыстар ұйымдастырылып, оқушылар мен ұстаздардың белсенділігі байқалды.
Семинардың мазмұнды бөлімдерінің бірі – ұлттық өнерге арналған шеберлік сабағы еді. Зейнеткер ұстаз әрі қолөнер шебері Гүлсін Молдағалиева оқушыларға «Қазақтың төл өнері» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Сабақ барысында қатысушыларға көрпе тігу әдістері таныстырылып, қазақ қолөнерінің ерекшеліктері мен тәрбиелік мәні кеңінен түсіндірілді.
Оқушылар ұлттық мұраға қызығушылық танытып, қолөнер бұйымдарының жасалу жолдарын тәжірибе жүзінде көрді. Мұндай сабақтар балалардың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, ата-баба мұрасына деген құрмет сезімін қалыптастырады.
Сонымен қатар, семинар аясында өткізілген ашық тәрбие сағаттарында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық және патриотизм тақырыптары қозғалды. Педагогтер оқушылармен бірге түрлі тренингтер өткізіп, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды дәріптеудің тиімді жолдарын көрсетті.
Іс-шара мектеп өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды. Жас таланттар ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Семинар соңында тәжірибесімен бөліскен мұғалімдерге Амангелді ауданы білім бөлімі атынан арнайы сертификаттар табысталды.
Мұндай мазмұнды кездесулер тәрбие жұмысының сапасын арттырып, ұстаздар арасындағы тәжірибе алмасуды нығайтады. Сонымен қатар, «Адал азамат» бағдарламасының басты мақсаты – елін сүйетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін, білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу екендігін тағы бір мәрте айқындады.

Комментарии