Мәдени мұраны сақтау парыз
Дата: 03.12.2024 Рубрика: По родному краю
0
288
0
Қаладағы №16 мектепте «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында мектепалды даярлық сынып оқушыларына арналған қазақтың ұлттық ойындары ұйымдастырылды.
Жоспарға сәйкес, қараша айы әділдік пен жауапкершілік дағдыларын дамытуға арналды. Ұлттық ойындардың басты мақсаты – балаларды қазақ халқының дәстүрлі ойындарымен таныстырып, осы мәдени мұраны сақтап, келер ұрпаққа жеткізу.
Ұлттық ойындар балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға зор ықпал етеді. Олар командалық рухты, өзара көмек көрсетуді және жарысқа деген құштарлықты қалыптастырады. Балалар ойын барысында қарсыластарын құрметтеуге, ойын ережелерін сақтауға және топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Ойындар барысында оқушылар белсенділік пен бастамашылдық танытты. Қазақтың ұлттық ойындары балаларға жағымды эмоциялар сыйлап, көңілді көтерді және ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл олардың мектептегі жарқын естеліктерінің біріне айналары сөзсіз.
Комментарии