Торғай геоглифтерін ашқан ғалым кім?
Дата: 22.10.2024 Рубрика: По родному краю
0
633
0
Геоглифтер Қостанай облысындағы өзгеше және теңдессіз ескерткіштерінің бірі болып табылады.
Осы ескерткіштің ашылуы жаңа технологиялардың жаппай дамуының арқасында жүзеге асырылған. 2007 жылы ынтагер Дмитрий Дей Google Earth ғарыш суреттерін қарастырып, жер үстінде геометриялық фигуралар мен өрнектердің түрінде ерекше, бірақ нақты түрде айырмалы бейнелерді байқады. Кейінгі зерттеудің көрсеткені бойынша, біз ең құпиялы көне құрылыс – геоглифтерге тап болды.
Осы ескерткіштің ашылуы жаңа технологиялардың жаппай дамуының арқасында жүзеге асырылған. 2007 жылы ынтагер Дмитрий Дей Google Earth ғарыш суреттерін қарастырып, жер үстінде геометриялық фигуралар мен өрнектердің түрінде ерекше, бірақ нақты түрде айырмалы бейнелерді байқады. Кейінгі зерттеудің көрсеткені бойынша, біз ең құпиялы көне құрылыс – геоглифтерге тап болды.
Геоглифтер - жер үстіне салынған геометриялық немесе фигуралық өрнектер, әдетте олардың ұзындығы 4 метрден астам болады. Көптеген геоглифтердің үлкендігі соншалық, оларды тек биіктен көруге болады (белгілі мысал — Насқа геоглифтері). Геоглифтерді салудың бірнешу әдісі бар: өрнек периметрі бойымен жердің беткі қабытын алып тастау арқылы, өрнек сызығы өткен жеріне қиыршық тасты түсіру арқылы, ағаштарды белгілі бір бейне жасай отырып егу. Шығармашылық мақсатында қазіргі кезде де геоглифтер пайдаланылып отырады.
Торғай геоглифтерінің бірегейлігін осындай объекттердің дүниежүзінің ешбір жерінде жоқ болғандығы дәлелдейді. Минусинск шұңқырында, Хакасияда және Перуде алшақ түрде ұқсас болып табылатын геоглифтер бар, бірақ Оңтүстік Америкадағы объекттер тастан салынған.
Дмитрий Дейдің қостанайлық археологтарымен бірге өткізген Торғайлық объекттерінің көптеген экспедициялары жұмысының нәтижесінде ондаған геометриялық фигуралардың ашылған, олардың арасында Үштоғай төртбұрышы, Торғай свастикасы, Екідін кресі, Ащытасты крестері, төртбұрышы, сақина мен екі сызық бар. Объекттер қорған үйінділерінен салынған. Бүгінгі күнде 50-ден астам объект ашылды, және олардың барлығы бір жерде – Торғай ендігінде орналасқан.
Торғай геоглифтерін тек қазақстандық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар шетел ғалымдары да зерттеген, осылай 2013 жылдың жазында Торғай объектілеріне Оксфордтың (Ұлыбритания) ғалымы Мотузайте Гиедре келген. Олардың жасалу мерзімін орнату мақсатында жақсы сақталып қалған геоглифтерінің үйінділерінің сынамаларын алды. Ағылшын ғалымдарының айтуынша, ең «жас» Торғайлық геоглифтер біздің заманымызға дейінгі бірінші ғасыр мен біздің заманымыздың бірінші ғасыры аралығында салында, яғни олардың жасы 2,5 мың жыл. Сонымен қатар, жер үстінен іс жүзінде көрінбейтін, тек ғарыштан көрінетін Торғайдың ең көне геоглифтерінің жасы 7 мың және одан да үлкен.
Геоглифтер осы уақытқа дейін археолог ғалымдары үшін құпия болып табылады, кейібр құпиялары ашылды. А. Байтұрсынұлы атындағы ҚМУ археологиялық зерттеу зертханасының меңгерушісі Виктор Логвин осы бірегей орын жайында былай айтқан: “ Торғай геоглифтеріне талдау жасағаннан кейін, келесі тұжырымдарды жасауға болады: осы ескерткіштер, шамасы, сакралды, діни мәнге ие болған және діни-еске алу жораларын өткізуге арнайы салынған, сонымен қатар ру, тайпа немесе тайпалық бірлестігінің белгілі бір территориясына жататын нышандары ретінде қызмет етулері мүмкін. Осы ескерткіштерді ғұн-сарматтық мәдениетінің иеленушілері қалдырғандары әбден мүмкін».
Көптеген ғалымдардың ойынша, Торғай геоглифтарының ашылуы тек Қазақстан археологиясында жаңалық болмай, сонымен қатар зор әлемдік мағынаға ие, сондықтан осы объекттерді шаруашылықтың дәстүрлі әдістері арқылы бұзбай, туристтер үшін сақтап қалу қажет.
(интернет желісінен алынды)
Комментарии