Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі

Дата: 01.10.2024 Рубрика: По родному краю
209
0
Отбасы – тәрбиенің қайнар көзі
«Сенім клубы» аналар мектебінің жұмысы аясында педагогикалық тәжірибе алмасу, ұлттық дәстүрлер негізінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында №54 бөбекжай педагогтарының шығармашылық тобы ата-аналар мен тәрбиеленушілерді ұлттық, отбасылық құндылықтармен таныстырды.
«Отбасы – бақыт мекені» аналармен бірлескен іс-шара қазақ тілін оқыту кабинетінде кездейсоқ ұйымдастырылған жоқ. Бөбекжайда «Тілге бойлау» пилоттық жобасы енгізілуде. Қазақ тілі мұғалімі Оспанова Ақбота Рамазанқызы ата-аналарды осы жобамен таныстырды. Осы іс-шараны жалғастыруды және ұлттық тағамдардың тарихымен, қазақ және орыс халықтарының ұлттық киімдерінің алуан түрлілігімен танысуды ұсынды.
Бадраков және Шварцман отбасылары ұлттық киімнің дефилесін көрсетті. Шварцман Лилия Ильинична орыс ұлттық киімі туралы, ою-өрнектер мен киімдегі кестелердің маңыздылығы туралы қызықты фактілерді айтты. Әрі қарай Келжан және Бадраков отбасылары ұлттық тағамдардың рецептерімен бөлісіп, балалармен бірге бауырсақ пен құймаққа қамыр иледі. Бұл тағамдарды дайындауға арналған аспаздық сабақ балалар үшін маңызды оқиға болды. Олар көптеген әсер алды. 
Бұдан әрі педагогтар Айгүл Оспанғалиқызы және Елена Васильевна балалар мен ересектерді «Домбыра» және «Қақпа» ойындарына шақырды, онда музыкалық жетекші Кашуба Ольга Ваильевна мұқият таңдаған музыкамен ұлттық ойындар барысында әртүрлі жолдарын көрсетті. Барлық қатысушылар керемет эмоциялар мен жақсы көңіл-күй алды.  
Арлан Бақыт, оқушы

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!