Тырналар күні барын білесің бе?
Дата: 01.10.2024 Рубрика: По родному краю
0
197
0
Күздің алғашқы айындағы экологиялық мерекелердің бірі – қыркүйек айының екінші жексенбісінде аталып өтілетін Бүкіләлемдік тырналар күні.
Алғаш рет тырналар күні 2002 жылы АҚШ-та аталып өтілді. Жоғалу қаупі төніп тұрған америкалық тырнаның түрін сақтап қалу үшін эколог-ғалымдар оның жұмыртқасын қауіпсіз жерге ұя салуға кететін тырнаның басқа түрінің ұясына салып отырған. Құтқарылған құстардың бір тобы ұя салуға кеткен күн жаңа экологиялық мереке деп жарияланды, ал тырна табиғатты қорғайтын ұйымдардың символына айналды.
Дүниежүзілік тырналар күні мерекесі – жылы жақта қыстайтын тырналардың санағымен сәйкес келеді. Мереке күні әртүрлі елдерде тырналарға арналған фестивальдар ұйымдастырылады. Сондай-ақ бұл күні тырналарды қорғау мақсатында түрлі акциялар, байқаулар және фотокөрмелер, сонымен қатар құстардың күзде жиналатын орындарына экскурсиялар өткізіледі.
1973 жылы Халықаралық тырналар қоры құрылды. Негізгі мақсат – тырналарды зерттеу, олардың жоғалып бара жатқан түрлерін сақтау және қорғау.
1974 жылы Кеңес Одағы мен Америка қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы құжатқа қол қойды. 1978 жылы Винсконсин штатында тырнаның арнайы қорығы құрылды, оған жабайы табиғаттан табылған тырналардың жұмыртқалары жеткізілді.
Осы бір бейбітшілік пен сұлулықтың символына айналған тырналар далалық және батпақты жерлердің барлығында да кездеседі. Жалпы әлемде тырнаның 15 түрі бар десек, Науырзым қорығында тырнаның 3 түрі тіркелген. Мамыр айында туристік маусым ашыла салысымен алысты жақынды елдерден келген қонақтарымызды да жол торабында қонақжайлықпен қарсы алатын ақбас тырна өлкеміздің ажырамас сұлу бір тіршілік иесіне айналған. Адамдардан қорқуды, үркуді білмейтін еркін даланың кербез құстарының осы бір достық қылығы, Науырзым жерінің ұшқан құсы мен жүгірген аңының қауіпсіздігінің нышанындай әсер қалдырады.
Жойылып кету қаупі төніп тұрған тырналардың бірі – ақ тырна. 2007 жылы Науырзым көлдер жүйесі Боонск конвенсиясы шеңберінде сертификатталып, ең сирек кездесетін – стерх ақ тырнасын халықаралық ғаламтор бойынша қорғауда Рамсар тізіміне енгізілді. Бүгінде Ресейде, Қытайда, АҚШ-та және Бельгияда тырналардың ішіндегі ең сирек түр ақ тырна өсіретін қорықтар бар. Біздің елімізде ұрыс даласында қаза тапқан жауынгерлер тырналарға айналған деген де керемет аңыз тараған.
Жапонияның Хиросима қаласында Балаларға арналған бейбітшілік монументінде де тырна бейнеленген.
Үстінде үлкен қағаз тырнасы бар Садако ескерткіші бомбалаудың салдарынан өмірі ерте үзілген және жарылыстан зардап шеккен Хиросима мен Нагасаки балаларына арналған. Олай болса әлем бойынша саны аз, адамдардың қамқорлығына зәру осынау көрікті құстарымызды сақтап қалуға, олардың санының көбеюіне, қауіпсіздігіне әрқайсымыз бір адамдай атсалысып, үлесімізді қоссақ Табиғат-ананың алдындағы борышымыздың өтелгені деп білемін! (мақала Науырзым қорығы парақшасынан алынды)
Аяла Мұрат, оқушы
Комментарии