Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Туған өлке табиғатына саяхат

Дата: 01.10.2024 Рубрика: По родному краю
218
0
Туған өлке табиғатына саяхат
Бүкілдүниежүзілік туризм күніне орай, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Науырзым ауданының Балалар шығармашылығы үйінің» «Жас эколог», «Жас туристер станциясы» үйірмелерінің оқушылары «Науырзым қорығы – біздің мақтанышымыз!» тақырыбында туған өлке табиғатына экскурсияға шықты. 
Оқушылар Науырзым мемлекеттік табиғи қорығының көрікті жерлері – Бұлақ соқпағы, Науырзым қарағайлы орманына саяхат жасап, өлкемізде өсетін эндемик өсімдіктермен танысты. Оқушылар аты аңызға айналған екі ғасырдың куәсі, екі адамның құшағы жетпес қарағайы бар орманның ішінде кең тыныстап, қылқан жапырақты ағаштардың адам денсаулығына шипасы жайлы мол мағлұмат алды. Сарымойын көлдер жүйесіндегі айдын көлдің қас сұлулары, қызыл кітапқа енгізілген аққу құстарын бинокольдың көмегімен жақындатып көру мүмкіндігін пайдаланды. Сондай-ақ жас туристеріміздің жолы болып, қорығымыздағы ең ірі сүтқоректі бұланның бүтіндей бір отбасысын, аталығын, аналығын, бұзауын көрді.   
Гүлнұр Өтелбаева,
    ұйымдастырушы
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!