Тіл үйренуге қадам
Дата: 24.09.2024 Рубрика: По родному краю
0
185
0
Науырзым аудандық балалар кітапханасында білгіштер турнирі болып өтті. Мақсаты: тілдерге деген қызығушылықты, Қазақстан Халықтарының мәдени мұрасын құрметтеуді қалыптастыру. Толеранттылыққа, шығармашылыққа және интеллектуалдық қабілеттерін көрсете білуге тәрбиелеу.
Іс-шараға Докучаев мектебінің 5-сынып оқушылары шақырылды. Кітапхананың кішкене қонақтарына ең бірінші қорға келіп түскен жаңа кітаптар көрмесі таныстырылды.
Турнир барысында балалар «Львы» және «Люси» атауларымен екі командаға бөлінді.
Турнир «Королевство ошибок», «Из двух слов одно», «Тапқыр болсаң – тауып көр», «Скажи поговорку правильно», «Кім жылдам?», «Ловим двух зайцев», «Лучший переводчик», «Изобрази пословицу» атты 8 турдан тұрды.
Екі команда да ақыл-ойдың қызықты сайысын көрсетіп, барлығы да дұрыс жауап беруге тырысты. Қазылар алқасының шешімімен «Львы» командасы көбірек дұрыс жауаптар жинап, жеңіс туын иеленді. Кездесу соңында балалар ойын үшін бір-біріне алғыс білдіріп, құттықтаулар мен тілектер айтты.
Комментарии