Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Әлем чемпионатында жеңімпаз болды

Дата: 24.09.2024 Рубрика: По родному краю
315
0
Әлем чемпионатында жеңімпаз болды
Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті Данияр Абикенов Францияда өткен Халықаралық WorldSkills чемпионатында кәсіби шеберлігі үшін медальонмен марапатталды. 2024 жылғы 15 қыркүйекте Францияның Лин қаласында 47 Халықаралық WorldSkills чемпионаты аяқталды. 
Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті Данияр Абикенов ұлттық құрама құрамында «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреттілігі бойынша кәсібилігі үшін медальонмен марапатталды. 
Қазақстан құрамасы 30 құзырет бойынша өз күштерін сынады. Оның ішінде «Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзыреті, мұнда команда намысын Қостанай автомобиль көлігі колледжінің студенті Абикенов Данияр Тимурұлы қорғады. Айта кетейік, Данияр мұндай мүмкіндікке 2023 жылы Астанада өткен ел чемпионатында жеңіске жеткен соң қол жеткізген болатын.
Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен келген қатысушылардың дағдыларын бағалауға Қостанай политехникалық жоғары колледжінің оқытушысы, халықаралық сарапшы - Родион Николаевич Лазарев «Инженерлік дизайн CAD» құзыреттілігі бойынша қатысуда. Халықаралық чемпионаттарда Қостанай облысы колледждерінің студенттері 6 медаль жеңіп алды, оның ішінде 5 күміс, 1 қола.
Жарысқа әлемнің 65 елінен 1500-ге жуық жас мамандар қатысты. Еліміздің колледж студенттері 30 құзыреттілікте өнер көрсетті. Ұлттық құрама қоржынында «Веб-технологиялар», «Желілік және жүйелік әкімшілендіру», «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары», «Мобильді робототехника», «Қонақ үй ресепшионисті», «Сән технологиялары» құзыреттіліктері бойынша кәсібилігі үшін барлығы 7 медальон және «Мейрамхана қызметі» құзыреттілігі бойынша «Ұлттың үздік өкілі» наградасы бар.  
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!