Қазақтың қазанатын зерттеген қыз
Дата: 24.09.2024 Рубрика: По родному краю
0
173
0
С.Мәуленов атындағы гимназиясының 9 «ә» сынып оқушысы Айзия Хыдырбекқызы жылқыларды зерттеп жүрген оқушы.
Ол 7 сыныпта «Қазақтың қазанаты – Қостанай жылқысы» тақырыбында ғылыми жоба жазып, оны қорғаған еді. Бүгін біз Айзиямен сұхбаттасқан едік.
Ол 7 сыныпта «Қазақтың қазанаты – Қостанай жылқысы» тақырыбында ғылыми жоба жазып, оны қорғаған еді. Бүгін біз Айзиямен сұхбаттасқан едік.
– Айзия, неге осы тақырыпты таңдадың?
– Менің жетекшім Назгүл Тоқаева маған үнемі бағыт беріп отырады. Атбегілік – қазақтың ең көне ұлттық өнері. Көшпенділердің жылқымен бірге өсіп, біте қайнасқаны соншалық олардың тұрмыс-салтына, мәдениеті мен өнерінде қатысты айтылатын афоризмдері жетіп артылады. Мен осы жобамда Қостанай жылқысын зерттеп, жинақтаған мәліметтер бойынша тақырыптарға бөлуге тырыстым. Яғни, «Атбегі» тақырыбында атбегіліктің үлкен өнер екенін, бұл кәсіппен айналысатын адам қандай болу керек екендігі бойындағы қасиеттері қарастырылды. «Ат баптау» тақырыбында атты қалай баптап, дайындау, қарау керектігі сөз болды. Қазақтың ежелден келе жатқан кәсібі атбегілік. Тарихта қалған атақты атбегілер жайлы да көп білдім.
– Зерттеу барысында қандай жерлерге бардың?
– «Қазақ тұлпары» шаруашылығымен таныстым. Онда сырттан әкелінген жылқылар туралы және атбегілік өнердің қасиеті жайлы білдім. Тақымы атқа тиген қазақ әр уақытта арқаланып, аруақтанып, қиялына қанат бітіп шабыттанып, қуат қосып қайраттанатыны тағы бар. Сондықтан мінсе – көлігі, сойса соғымы болатын жылқыны табиғатына қарай тиімді пайдалана білген қазақтар жылқыны 3 топқа бөліп қараған. Қазақтар бәйгеге қосатын жүйрік жылқыларды тұлпар, арғымақ, сәйгүлік деп әлпештеп, ерекше күтімге алса, ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше қадір тұтқан. Ал еті мен сүті үшін өсіретін қалған жылқылар жабы деп атаған. Осылардың әр қайсысын өз алдына баптаған.
– Ғылыми жобаңда қандай мәселе көтере білдің?
– Менің ғылыми жобамда дербес бәйгені тұрақты өткізіп, қазақтың қазанатын сақтап қалуға, санын арттыруға, оған деген сұранысты күшейту керек екенін айттым. Сондай-ақ елдің белді азаматтарына, атбегілерге «қазақтың қазанатына көңіл бөліңіздер, еліміздің мақтанышы Қостанай жылқысын сақтауға, көбейтуге сіздер де үлес қосыңыздар» деп үндеу тастағым келеді. Қостанай жылқысының таза тұқымын бере алатын екі айғыр бар екен. «Рабат» және «Ағыс» атты айғырлар зауыттық тұқым үшін ең сапалы айғырлар ретінде таңдалған. Екеуі де 2016 жылы туылған. Үйір ұстауға сақадай-сай. Қостанай жылқы зауытында биелер күтімге алынған. Үкіметтің қолдауымен эмбриондарды трансплантация жасау бойынша бір бағдарламаны бастады. Қазіргі таңда осы бағдарлама бойынша арнайы мамандармен бейне байланыс арқылы ақылдасып, мәселе талқылау үстінде. Егер қаржы министрлігі қолдау білдірсе, осы бағдарламаны аяқтауға мүмкіндігі бар.
– Әңгімеңе рахмет, сәттілік тілеймін.
Арлан Асқар,
10 сынып оқушысы
Комментарии