Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Таңбалы тас

Дата: 17.09.2024 Рубрика: По родному краю
190
0
Таңбалы тас
Таңбалы тас туралы не білеміз? Таңбалы археологиялық кешені жоғалып кеткен дала өркениетінің куәгері болып саналады. Мұнда республикалық маңызы бар 100-ге жуық ескерткіш бар. Шатқал іші археологиялық қорғандар мен қорымдардан, қоныстардан тұрады. Ашық аспан астындағы қорық-музейдегі ерекше қорғалатын ортаңғы аймақта 5000-ға жуық жартас суреттері кездеседі. Таңбалы шатқалының аумағында қола дәуірінен біздің заманымызға дейінгі XIV-XIII ғасырдың ортасынан XIX-XX ғасырлар аралығын қамтыған қоныстар, молалар, ертедегі тас қашалған орындар, жартас петроглифтер және табыну ғимараттары (құрбан шалынатын жерлер) орналасқан. «Тарихтың түпқазығы – Таңбалытас» мақаласында олардың үш мың жыл бойы еліміздегі ертедегі және қазіргі кездегі көптеген халықтың тарихын нақтылы көрсететін археологиялық кешенді құрайтыны жайлы жазылған. 2003 жылдың 14 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1052 қаулысымен Алматы облысында Таңбалы Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі құрылды. Таңбалы тас 2014 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енді. 
(Интернет желісінен алынды)

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!