Отбасылық экологиялық акциясы өтті
Дата: 17.09.2024 Рубрика: По родному краю
0
168
0
Қыркүйекте Қазақстанда «Отбасы күні» атап өтіледі. Отбасы – әр адамның өміріндегі ең маңызды кезеңдердің бірі, қарым-қатынастың негізі, қолдау мен тіректің орны толмас көзі.
Қостанай облысының білім беру ұйымдарында мерекелік іс-шаралар өтуде: сынып сағаттары мен ата-аналар қоғамымен кездесулер, қайырымдылық акциялары мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Осы мереке аясында «Таза Қазақстан» отбасылық экологиялық акциясы өтті. Оқушылар ата-аналарымен бірге мектеп және көше аумақтарын тазартты.
Комментарии