Отбасы – басты құндылық
Дата: 10.09.2024 Рубрика: По родному краю
0
286
0
«Западный» кітапхан-филиалында Отбасы күніне арналып «Отбасы – басты құндылық» атты іс-шара өткізілді. Іс-шараға Тұрғынғали, Науырзбай, Досовтар отбасылары қатысты.
Мерекелік бас қосуда отбасының құндылықтары, дәстүрлері жайлы мағлұматтар айтылды. Қатысушы отбасылар әр түрлі кезеңдер бойынша ойындарға қатысып, сұрақтарға жауап берді. Балалар «Дәстүрлер» кезеңінде суретте көрсетілген дәстүрлерді өз отбасында қалай өткізілгені жайында айтып, өз ойларын анық жеткізе білді.«Ашық микрофон» кезеңінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Менің отбасым – менің байлығым» атты кезеңде «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салып, отбасы туралы мақал-мәтелдер айтып, өлең жолдарын оқып, ән салып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Ата-аналар «Біз баламызды танимыз ба?» кезеңде сұрақтарға жауап беріп, «Өз балаңызды тауып алыңыз» ойынына қатысты. Әр отбасы мүшелері «Тілек ағашына» тілектерін жазып қалдырды. Қатысқан отбасыларына кітапхана атынан сыйлықтар ұсынылды. Іс-шара соңында «Отбасы – бақыт мекені» тақырыптық сөресіне шолу жасалды.
Айнагүл Утебаева,
«Западный» кітапхана-филиалының меңгерушісі
Комментарии