Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ауласы гүлге оранған

Дата: 13.08.2024 Рубрика: По родному краю
369
0
Ауласы гүлге оранған
Қостанай ауданына қарасты Владимиров көп ұлтты ауыл. Жасыл желекке оранған, берекесі мен ынтымағы жарасқан құтты мекен. Ауылда түрлі тұрғындар бар. Осы ауылда Татьяна Савина тұрады. Ол ауылдағы «Ең үздік аула» байқауының жеңімпазы. Ауласы толған гүл, жасыл желек. Бұл жер гүл әлем сияқты. Үй маңындағы жайқалған гүлдер таңғажайып әлемнің тамшысындай. Гүлдерге қарап көз қуанып, ерекше сезімге бөленесің. Лала гүлдің сан түсі мен хош иісінен бас айналатындай. Айналаның бәрі де жайқалып тұр. Татьяна Александровна кәсіпкер. Онымен қоса гүл өсіргенді жақсы көреді. Өз ісінің ғана емес, гүл өсірудің де майталманы болып үлгерген.
«Гүл де берекелi жерде тамыр жаяды. Оған да жылы сөз, жылы қабақ, тыныштық керек. Ол да адам секiлдi тiрi. Тек сөйлейтiн тiлi жоқ», – дейді ол. Айналасын гүл мен берекеге толтырған, әсемдік сыйлаған Татьяна Савина көпке үлгі боларлықтай. 
Қазір ауылдарда «Таза Қазақстан» бағдарламасы белсенді іске асуда. Ал ауыл әкімі Әлия Жүнісова елімізде түгелдей өтіп жатқан акцияны түрлендіріп, «Үздік аула» байқауын ұйымдастырған екен. Ондағы мақсат – ауылдықтарды ынталандыру, еңбегін бағалау, көпке үлгі ету. Бұл балалар үшін де үлгі болары сөзсіз. 
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!