Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жастардың тың зерттеулері

Дата: 30.07.2024 Рубрика: По родному краю
52
0
Жастардың тың зерттеулері
Жаз демалыс уақыты болса да Ахаң атындағы жоғарғы оқу орнының археологиялық зертханасы үшін жұмыстың ең қайнаған кезі. Жақында ғалымдар мен студенттер кезекті қазба жұмыстарынан оралды. Олар зерттеу жұмысы барысында тың жаңалықтар мен ғылымға үлес қосар ақпараттар әкелді. Алған әсерлері де мол.
– Біз Денисов ауданындағы Қамысты қонысын зерттеуді жалғастырдық, - дейді археологиялық зертханасының аға ғылыми қызметкері Ирина Шевнина. – Бізге шамамен 100 шаршы метр тұрақты қазуға екі жыл қажет болды. Онда үш металлургиялық құдық, екі пеш болды. Радиокөміртекті талдау нұсқамызды растады, бұл қоныс біздің дәуірімізге дейінгі XXI-XVIII ғасырларға жатады.
А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ археологиялық зерттеулерді Ә.Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесіп өткізеді. Жоғары оқу орындары арасында ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылып, соның ішінде бірлескен ғылыми жұмысты да қамтиды.
Зерттеулерге тек ғалымдар ғана емес, студенттер де белсенді қатысуда. Экспедиция қатысушыларының айтуынша, биыл қазба процесіне жаңбыр кедергі келтіріп, қиындық тудырған. Су құдықтарды тез толтырған соң оны сорғылармен соруға тура келді. Соған қарамастан, олар нәтижелі жұмыс атқара білді. Шаршаса да үйге олжамен оралды. 
Жақында жас археологтар қайтадан жолға шығады. Бұл жолы – әйгілі Торғай геоглифтеріне барады. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы ғалымдар сенсациялық жаңалық ашқан болатын.  

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!