Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

«Туған ел, туған өлке»

Дата: 16.07.2024 Рубрика: По родному краю
180
0
«Туған ел, туған өлке»
Қостанай қаласының «Золотой фазан» демалыс базасы аумағында «Туған ел, туған өлке» облыстық жас туристтер слеты өтті. Слеттың жалпы қамтуы 70-тен астам адамды құрады. Қостанай облысының 7 өңірінен 10 команда қатысты. 
Слет бағдарламасына спорттық кезеңдермен қоса қызықты ойындар да кірді. Облыстың әр түкпірінен келген жас туристтер командалары өздерін А және Б сыныптарында келесі қашықтықтарда көрсетті: «Жеке-командалық», «Кросс-жорық» және «Байламдар». Өздерін таныстыру және туристік әндер байқауы қатысушылардың әрқайсысының шығармашылық әлеуетін аша алды. 
А сыныбында үздіктер: «Степная братва» командасы, Қостанай ауданы, екінші орын Қостанай қаласының «Эдельвейс» командасының еншісінде, үшінші орын «Азимут» командасы, Меңдіқара ауданы. 
Б сыныбында алтын Арқалық қаласының командасына бұйырса, күмісті Қостанай қаласының «Солнышко» командасы, қоланы Меңдіқара ауданының «Jasa» командасы жеңіп алды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз! Қанаттары талмай, жаңа белестерді бағындырып, жеңістерге жете беруді тілейміз!

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!