Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Жанымда жүр жақсы адам

Дата: 11.06.2024 Рубрика: По родному краю
325
0
Жанымда жүр жақсы адам
Чапаев негізгі орта мектебінде Балалар ұйымдары күнін мерекелеу қарсаңында мектеп парламентінің мүшелері мектебіміздің ардагер ұстазы Роза Мырзашқызына өз көмек қолдарын созды.
Мақсаты оқушылардың көмекке мұқтаж адамдарға деген қамқорлық көрсетуге, жасы үлкен,  қарт  ардагер ұстазға деген құрметпен қарым-қатынас жасауға, сыйлауға, оларды бағалай білуге  және мейрімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Оқушылар ардагер ұстаздың есік алдына тазалық жұмыстарын жүргізіп, бір марқайтып тастады. Әсерге бөлеген бұл акция аға буын мен жас буын арасындағы сабақтастықты тағы бір жақындатқандай болды. Көзінде оты бар оқушылар ұстазға сұрақтарын да қойып, тұшымды жауаптарын да алып үлгірді. «Мың рет естігенше, бір рет көр» деген қағиданы тірек қылғандай, ардагер ұстазбен жарқын кездесу өткен күн болды. Ардагер ұстаз өмір жолындағы естеліктерімен бөлісіп, жас буынға ақ жол тіледі. 
Бұл шара басқа жастарға үлгі болып, еліміздің одан әрі таза, әрі адамдардың бір-біріне мейірімді болуына септігін тигізеді.
Қалиева Гүлсезім,
 Чапаев негізгі орта мектебінің аға тәлімгері
 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!