Отбасылық құндылықтарды бағала
Дата: 28.05.2024 Рубрика: По родному краю
0
146
0
Қазақстанда алғаш рет 12 мамыр аналар күні болып бекітілді. Аналар күні мерекесіне орай «Жанұя» клубының ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» тақырыбында кездесу кеші өтті. Кездесуге орталық педагогтары мен мектеп оқушылары қатынасты. Іс-шараның басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды бағалай білуге үйрету арқылы отбасы мүшелері арасында сыйластық, достық қарым – қатысты орнату, отбасы тәрбиесін насихаттау болатын. Кездесу кешіміздің басты қадірменді қонақтары: қалалық аналар кеңесінің мүшесі, зейнеткер ана Хамаруан Күлмұханбетова мен облыстық №2 әмбибап ғылыми кітапханасы, балалар әдебиеті бөлімінің қызметкері және көп балалы ана Гүлнар Сейтқожина. Олар өздерінің отбасылық өнегелі ойларымен бөлісті.
Тағылымға толы кездесу барасында қонақтарға отбасы тәрбиесіне байланысты түрлі сұрақтар қойылды, өз отбасыларының қызықты да, ерекше оқиғаларымен, керемет естеліктерімен бөлісті. Кездесу кеші аясында орталықтағы «Жас талап» үйірмесінің жетекшісі Рүстем Алпамысұлы аналарымызға арнап әсем әнін орындады. Іс-шара өте қызықты да тағылымға толы болды. Қонақтар оқушыларға өз тілектерінін де айта кетті. Кездесу кеші соңында қонақтарға алғыс хаттары табыс етілді. Макаренконың “Біздің балаларымыз – біздің қартайған шағымыз.
Дұрыс тәрбие – бұл бақытты қарттық, нашар тәрбие – бұл біздің болашақтағы сорымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар мен бүкіл ел алдындағы кінәміз” – деп айтқандай бақытты қарттық көргіміз келсе, балаларымызды жақсылап тәрбиелейік. Қадірменді оқушы, ата – анаңа ақыл қосар ақылшы екеніңді, қиындығын жеңілдетер көмекшісі екеніңді, яғни ертеңгі күнгі үміті екеніңді ұмытпайық.
Комментарии