Біз күткен Әз-наурыз
Дата: 09.04.2024 Рубрика: По родному краю
0
217
0
Қостанай қаласы №24 бастауыш мектеп-гимназиясында Наурыз мерекесі ерекше өтті. Мектеп ауласында ақшаңқаң киіз үй тігіліп, көл-көсір дастархан жайылды. Оның іші қазақы ою-өрнектегі нақышпен безендірілді. Мұнда ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптейтін думанды іс-шараға ұстаздар, ата-аналар, оқушылар қатысты.
Оқушылардан бастап ата-аналарға дейін өз өнерлерін көрсетті. Мектебімізге Қыдыр ата келіп, ақ батасын берді. Күмбірлеген күй мен әсем ән, көктемнің келгенін бейнелейтін сахналық көріністер мерекенің сәнін келтірді. Қазақ халқының салт-дәстүрі, ұлттық киім-кешегі, аспаптары және тағамдары көпшілікке ұсынылды. Халықтың мерекеге деген ықылас-пейілі ерекше. Ұлттық нақышта киінген ата-аналар Наурыз көжеден дәм татып, оқушылар да аға буыннан қалыспай құрбы-құрдастарын мерекемен құттықтап жатты.
Мерекелік шара арқан тартыс сияқты ұлттық ойындарға ұласты.
-Біздің мектепте Наурыз мерекесі тойланып жатыр. Мен осы концертте өлең айтамын. Және де мерекені жыл сайын асыға күтемін,- дейді Алина Елемыс.
Әр жыл сайын біздің мектепте Наурыз керемет көңіл-күйде, ырыс-берекеге толы болып өтеді.
Айзере ҚЫДЫРБЕКҚЫЗЫ,
Қостанай қаласы №24 бастауыш мектеп-гимназиясының 2 «А» сынып оқушысы

Комментарии