Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Мы находимся по адресу

Казахстан, Костанай
ул. Байтурсынова, 55

Подписывайся на нас

Ертегі оқып берейін...

Дата: 02.04.2024 Рубрика: По родному краю
323
0
Ертегі оқып берейін...
            Рудный қаласындағы мемлекеттік тілдегі кітапханасының қызметкерлері жақсы бастаманы қолға алған. Олар балаларға ертегі оқып, қуантады.
            Балабақша жасындағы балаларды жан-жақты дамыту кезінде  ертегінің алатын  ролі  өте зор.  Ертегі – қай халықтың фольклорында да  ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі. Ол ұрпақтан-ұрпаққа тараған мол мұра. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі, арман тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық  өмір  тәжірибесін  көреміз. Ертегінің қай түрін алсақ та ол баланың ой қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, тілін дамытып, сөздік қорын қалыптастырады.
            Қазақ ертегілері өзінің тақырыптары, көтерген мәселелері, мазмұнына байланысты  қиял-ғажайып ертегілері, түрмыс-салт ертегілері, хайуанаттар туралы ертегілер, шыншыл ертегілер болып бөлінеді.
            Адамның балалық шағы ертегімен тығыз байланысты. Сондықтан Рудный мемлекеттік тілдегі кітапханасының қызметкерлері балабақшаларға барып, дауыстап ертегі оқып береді. Оларға ұнайды. Балалар ертегі айтып немесе оқып беруін жиі сұрайды. Сиқыры бар оқиғаларды тыңдауды тағаттана күтеді. Бір қарағанда жәй кішкентай ғана әңгіме сияқты, ал шын мәнінде осы әңгімелерде халық даналығы, мейірімдік пен зұлымдық туралы түсінік жатыр. Осы жолы Рудный қаласындағы мемлекеттік тілдегі кітапхана №5 Бөбекжайы балабақшасының №102 «Ақбота» тобына «Сиқырлы қазан» ертегісі дауыстап оқыды. Бұл балаларға ұнап, олап тып-тыныш отырып, тыңдады.
 

 

Комментарии

Обязательное поле

Комментариев нет

Оставьте комментарий. Ваше мнение важно для нас!